Атырау, 29 наурыз 03:47
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Көңілінен шығам деп, жаза алды

3 085 просмотра

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты құқық бұзушының заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Атырау облыстық Қылмыстық атқару жүйесі комитет департаментінің (ҚАЖКД) пробация есебінде бақылауда тұрған құқық бұзушы Ч.П. 2017 жылдың мамырында ҚАЖКД аға инспекторының ұялы телефонының балансын толтырып, оған «Бұл сізге шын ниетіммен» деген мәтінде хабарлама жіберген. Инспектор оның ниетінің шынайылығын бағаламай, бұл факті туралы мәлім етті. Тарту етушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 676-бабы («Жеке тұлғалардың, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі») бойынша әкімшілік іс қаралды. Сот оған 200 АЕК (453 800 теңге) көлемінде айыппұл жазасын берді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

12 шілде 2017, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.