Атырау, 20 сәуір 12:54
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Ала құйын» жүргізуші куәлігінен айырылды

3 928 просмотра

«Салтанат сарайының» баспалдақтарына шығып кетіп, ғимарат колоннасына соққан жүргізуші көлік жүргізу куәлігінен айырылды.

«BMW 525i» жүргізушісі осы жылдың 22 мамырында күндіз көлігімен баспалдаққа көтеріліп шығып кеткен. Осы факт бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы («Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы») бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі оның кінәлі деп танылғанын, оған 9 айға жүргізуші куәлігінен айырылу түрінде әкімшілік жаза белгіленгенін хабарлады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

12 шілде 2017, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.