Атырау, 24 қараша 05:11
Таңертең ашық+1, күндіз +3
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 330.00  € 390.72  P 5.65

Облыс әкімдігінің басқармаларына жаңа басшылар келді

11 шілде 23:09

11 шілде күні Атырау облысының әкімдігінде жаңа тағайындаулар болды.

Атырау облысы әкімінің өкімімен Атырау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып Айдар НҰРАЛИЕВ тағайындалды. 31 жастағы жаңа басшы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Сонымен қатар, ол «Болашақ» бағдарламасы арқылы Лондон университеті жанындағы колледжді бітірген. Халықаралық құқық және құқық магистрі білім дәрежесі бар. Мемлекеттік қызметте – Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, ҚР Президенті әкімшілігінде және Қаржы министрлігінде жасаған. Соңғы жұмыс орны – қазақ-канадалық бірлескен кәсіпорынның жобалық менеджері. Ағылшын тілін еркін меңгерген.

Атырау облысы Сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы лауазымына Гүлбаршын АРЫСТАНОВА тағайындалды. Ол бұған дейін Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Атырау облысы Жерді пайдаланылуы мен қорғау басқармасының басшысы болып Гүлзия ҚҰРМАНОВА тағайындалды. Ол бүгінгі күнге дейін Атырау облысы жер қатынастары басқармасы бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

1695 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

ТКШ мен мәдениет басқармасында – жаңа басшы  1005 рет қаралды

​Атырау облыстық еңбек инспекциясының басшысы тағайындалды  2537 рет қаралды

Қадыржан Арыстанов облыстың бас экологы болып тағайындалды  1319 рет қаралды

Жаңа басшылар тағайындалды  1979 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5