Атырау, 19 сәуір 21:01
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

"Айдос Сарым: Мен көрген көрме ...түңілуден тұру керек", "Мамай «көзделген жазасына» орай бұрынғы кодекспен сотталмақ", ""Қазақтың отбасында жасырын матриархат" дейді психолог мамандар", "Жиһад жайлы. Жұмақ іздеп желікпе, туған жерің барында"

2 696 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Айдос Сарым: Мен көрген көрме ...түңілуден тұру керек" - «Біткен іске сыншы көп» дейді дана халқымыз. Қаншама уақыттан бері жұрттың бәрі әңгіме қылған, біреулер «қазақтың бағы», екіншілер «қазақтың соры» деген көрмеге барудың реті келді. Бір адамдай аралап, қызықтап келдік. Осы көрмені аралап жүріп, «бақ» пен «сор» категорияларынан тыс, бөлек ой түзіп, көрменің көпшілік айта бермейтін тұстары турасында әңгіме қозғау керек деп таптым. Сол ойларымды ортаға салайын.

"Отан неден басталады?" - Бұл ертеректе болған оқиға-тұғын. Мұғалім оқушыларға «Отан» деген тақырыпта шығарма жазуға тапсырма береді. Балалардың бәрі мұрындары пысылдап, ақ қағазға шұқшиып, оқыған, естіген, білгендерін жазады. Бір бала шығарманың тақырыбы ғана жазылған ақ парақты өткізеді. Кейін мұғалім әлгі оқушыдан шығарманы жазбауының себебін сұрағанда, ол: «Көршім Нұрболдың әкесі, ауыл басшысы туралы не деп жазам?» – депті. Сөйтсе, ауыл әкімінің аты Отан екен. Баланың ұғымында Отан деген ауыл әкімінің ныспысы болып бекіп қалған ғой. Арада отыз жылға жуық уақыт өтсе де, ол бала Отан туралы шығарма жаз десе, қазір де жарытып ештеңе жаза алмас еді. Неге? Себебі бізде Отан деген ұғым қалыптасып, санаға сіңіп орнықпаған.

"Аятжан Ахметжан, KAZBILIM орталығының директоры: баласын орыс сыныбына беретіндерге жаным ашиды" - Бүгінде орыс мектебінде баласын кімдер оқытады? Орыс мектебінде болашағын Қазақ елімен емес, солтүстік көршімен байланыстыратын қауым оқытады, оның көбісі тарихи Отанына қайтқысы келетін орыс ұлтының өкілдері мен аздаған жатырынан жерінген қаракөздеріміз. Басқа бірде-бір қауым орыс мектебіне баласын бермейді, оны сәлден кейін сандар сөйлегенде байқарсыз.

AZATTYQ.ORG. "Мамай «көзделген жазасына» орай бұрынғы кодекспен сотталмақ" - Шілденің 10-ында оппозициялық «Трибуна. Саяси қалам» газетінің редакторы, бес айдан астам Алматы қаласындағы СИ-18 уақытша қамау орнында отырған 28 жастағы Жанболат Мамай өзінің үстінен қозғалған қылмыстық іспен танысуды бастады.

"Қырғыз билігі Пономаревті елге кіргізуден бас тартты" - Ресейлік құқық қорғаушы Виталий Пономаревті Қырғызстанға кіргізбей жатыр. Оның шекара маңындағы бекетте отырғанына үш күн болды. Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің шекараны бақылау басқармасы оқиғаны растады, бірақ құқық қорғаушыны Қырғызстанға кіргізбеу туралы шешімнің себептерін айтпайды.

INFORMBURO.KZ. ""Қазақтың отбасында жасырын матриархат" дейді психолог мамандар" - Әйел билеген шаңырақта береке болмайды. Бүгінгі ажырасудың көбеюінің басты себебі осында. Матриархатқа көнбеген еркек жұдырық жұмсайды, соңы ажырасуға әкеледі.

365INFO.KZ. "«Мені жынды қылды». Ашынған фермер субсидия мен ветеринарияның былығын ашты" - Бүгінде ветеринария саласындағы былықты жоғары жаққа жеткізе алмай жүргендер өте көп. Естір құлақ болмаған соң,  талай адамның жиған-терген малы тектен-текке пышаққа түсіп, су тегінге кетіп жатыр.

QAZAQTIMES.COM. "Қазақстанға көршілес елдердің әскери қуаты (6) – Иран" - Иран Ислам Республикасы – Орта Шығыс мемлекетіне жатады. Қазақстанға Каспий теңізі арқылы шектеседі. Жер көлемі 1 млн 648 мың шаршы шақырымнан асады, әлемде 17-ші орында тұрады. Халық саны 2006 жылғы санақ бойынша 70 млн адамнан асқан болатын. 

ABAI.KZ. "Жиһад жайлы. Жұмақ іздеп желікпе, туған жерің барында" - Кез келген діннің жоғары мағынасы адам мен адамзатты жоғалтып алған жетілу жолына қайтару болып табылады. Діннің тұтастығы елдің тұтастығы: діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады.

"Аналардың зарына құлақ түр, Әлем!" - Бүкіл Қазақстан халқы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осыдан тура 20 жыл бұрын арнайы Жарлығымен бекітілген атаулы дата — 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнін атап өтеді. Биыл да сол дәстүрден жаңылған жоқпыз. Қаралы күн болып саналар бұл күні Алматыда ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш ашылды.

TURKYSTAN.KZ. "Саяхаттаудың сан түрлі әдісі бар" - Биылғы жаз ішкі және сыртқы туризмге серпіліс берді. Шетелдік қонақтар мен шетел асқан отандастардың саны жылдағыға қарағанда анағұрлым көп. Шетелдік қонақтардың елге көптеп келуіне халықаралық көрме әсер еткен болса, теңіз жағасын таңдаған қазақстандықтардың қатары ненің есебінен көбейіп отыр?

11 шілде 2017, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.