Атырау, 23 шілде 03:42
Таңертең ашық+33, күндіз +35
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 325.56  € 374.46  P 5.51

Сот алау туралы бейнежазбаның авторын жұмысқа қайта алғызды

11 шілде 15:38


Сот өртеніп жатқан алаудың ролигін жариялағаны үшін жұмыстан қуылған жүк ілдірушілер бригадирі Тимур ҚАЛИАҚПАРОВТЫ жұмысқа қайта алуға міндеттеді.

Біз бұдан бұрын Қарабатандағы алаудың бейнежазбасын әлеуметтік желілерге салып, осыдан кейін бірден лауазымы бригадирліктен аула тазалаушыға түсіп, еңбекақысын азайтылған (180 мың теңгеден 70 мыңға дейін) жұмысшы туралы хикаяны жариялаған болатынбыз. Қалиақпаров жұмыс берушінің бұл ұсынысын қабыл алмаған соң, оны жұмыстан шығарды. Ол сотқа «Теміржол құрылыс Атырау» ЖШС-нің еңбек келісімшартын бұзу туралы бұйрығын заңсыз деп тану, бұрынғы лауазымына қайта тағайындау, сонымен қатар, мәжбүрлі түрде жұмысқа бармағаны үшін жауапкерден еңбекақы өндіріп алу және 1 миллион теңге көлемінде моралдық өтемақы алу туралы талап арыз берген еді.

10 шілдеде Атырау қалалық сотының судьясы Женни ЖҰМАЛИЕВА Қалиақпаровтың талап арызын ішінара қанағаттандыру туралы шешім шығарды. «Теміржол құрылыс Атырау» ЖШС-нің еңбек келісімшартын бұзу туралы бұйрығы заңсыз деп танылып, сот оны талап арыз берушіні бұрынғы жұмысына қайта алып, мәжбүрлі түрде жұмыстан қалғаны үшін еңбекақы төлеуге міндеттеді. Бұл талаптар шұғыл орындалуы тиіс. моралдық зиян көлемі 1 миллион теңгеден 50 мың теңгеге дейін төмендетілді.

- Біз моралдық зиян сомасының азайтылғанына қарамастан, сот актісіне ризамыз, - дейді талап-арыз берушінің өкілі Аслан ЖОЛБОЛОВ. – Менің клиентімнің пікірінше, бұл жеткілікті әділ әрі заңды шешім.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

615 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Алаудың бейнежазбасы үшін жұмыстан шығарылды  1071 рет қаралды

Сот анасына көмектесуге мәжбүр етті  688 рет қаралды

​ДНК-ға талас жоқ  809 рет қаралды

Бір жылға созылған жанжал  760 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7