Атырау, 20 сәуір 12:38
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

"Трамп пен Путиннің қол алысуының астарында не бар?", "Қазақстанның келесі президентін қандай қиындықтар күтіп тұр?", "Түркиядағы төңкеріске 1 жыл. Ердоған антидемократиясы", "Катар дағдарысының көлеңкесінде кім жатыр?"

2 370 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Трамп пен Путиннің қол алысуының астарында не бар?" - Мәскеу мен Вашингтон басшылары арасындағы келіссөздер қашанда әркез тарих, әскери қуат пен әлемдік тәртіп орнатуға бақталастық көзқарас тұрғысынан өлшенсе де, Владимир Путин мен Дональд Трамптың алғашқы кездесуін тарихи оқиғаға балауға болады.

"Қашқын тәжік полковнигінің ауылындағы ауыр тыныштық" - Тәжікстан билігі ішкі істер министрлігі арнайы жасағының бұрынғы командирі әрі бірқатар елде тыйым салынған "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы әскерін басқарған Гулмурод Халимовтың туыстарының қаза тапқанын әзірше ресми түрде растаған жоқ. Бірақ ол туып-өскен Дараи Фони ауылы тұрғындарының көбі бірнеше күннен бері аза тұтып отыр.

"Иегова куәгерлерінің үш бірдей "жанды жерін" қалай тапқан?" - Алматыдағы «Иегова куәгерлерінің христиан орталығының» аймақтық діни бірлестігінің іс-әрекеті сот шешімімен үш айға тоқтатылды, олар ресейлік әріптестерінің тағдырын қайталаудан қорқады.

ZHASALASH.KZ. "Болашаққа қандай қоғам қалдырамыз?" - Қазақтың саны 18 миллионға жетті. Мүслима Саматқызы атты сәби Қазақстанның 18 миллионыншы тұрғыны болып, ресми жария етілді. Отбасын, ел-жұртын қуантқан нәресте Талдықорған қаласында 11 мамырда дүние келген екен. Үкіметтің есеп-қисабы бір жарым айға созылып, Астана күні қарсаңында ресми жария етілген 18 миллионыншы қазақ баласы қазір қырқынан шықты. Мүслимаға Құдай ғұмыр берсін! Еш жамандық көрмей, бақытты өмір кешсін! Бұл – «Жас Алаштың» тілегі.

"100 миллион және бір ой" - Осы аптада президент Н.Назарбаев Қырғызстанға 100 миллион доллар бөлу туралы құжатқа қол қойды. Бізде «бұл ақшаны не үшін беріп жатырмыз?» деген сұрақ үлкен жиындарда кеңінен талқыланбады. Ал айыр қалпақты ағайындар «не үшін аламыз?» деп, бұл қаржының тиын-тебеніне дейін қайда жұмсалатынына қатты қызығушылық танытып жатты. Осыдан екі апта бұрын іссапармен Бішкекте болғанымызда қырғыз телеарналарынан берілген ақпараттардан жогорку кенештің депутаттары бұл қаржының түп-төркініне дейін қазбалап сұрап, есептеп, бұл миллиондарға кімнің жауапты болатынын тәптіштеп жатқанының куәсі болдық.

"Туған күннен кейін тағы ауыс-түйіс болады..." - Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев соңғы күндері апыл-ғұпыл бұйрық шығарып, қол астындағы қызметкерлерін апыр-топыр ауыстыруда. Алдымен Әулиеатадағы үш әйел басшының орындарын ауыстыратыны әкімнің бұйрығынан бірер күн бұрын әлеуметтік желіде тарап кетті.

365INFO.KZ. "Қазақстанның келесі президентін қандай қиындықтар күтіп тұр?" - Соңғы жылдары Қазақстандағы жағдай қатты өзгерді, дейді алматылық саяси ғылымдар кандиаты Антон Морозов. Оның мақаласы ca-portal.ru сайтында жарияланыпты.

"Бойы тапал адамдар неге залым болады?" - Адам бойының ұзын-қысқалығы біраз нәрсені аңғартады. Қазақ ішінде «бәкене бойлы, жерге жақын адамнан қорық», деген қалыптасқан сөз бар. Ғылым да оны жоққа шығармайды.

INFORMBURO.KZ. "Мүгедек қызға қолынан келер жұмыс керек, көмек сұрайды" - Туа біткен сал болса да, өз кәсібім болса, әке-шешеме көмектессем деп армандайтын Алтынай туралы Фейсбук қолданушысы Жанна Тулендиева өз парақшасында жазды.

QAZAQTIMES.COM. "Катар дағдарысының көлеңкесінде кім жатыр?" - Араб елдерінің Катарға қойған талаптары тойтарысқа ұшырады. Алайда, Сауд Арабиясы бастаған араб елдері өздерінің Катарға бағыттаған бойкот қаулысын жалғастыруға бел байлап отыр. Бұл туралы шешімдері Каирде өткен Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі, Бахрейн және Египеттің сыртқы істер министрлерінің бас қосуында қабылдаған болатын.

ABAI.KZ. "Түркиядағы төңкеріске 1 жыл. Ердоған антидемократиясы" - 2016 жылдың 15-16 шілдесінде Түркияның Ыстамбұл мен Анкара қалаларында әскери «төңкеріс» болды. Президент Режеп Тайып Ердоғанның билігіне наразы топ бірнеше мемлекеттік нысанды басып алды. Ал Мармаристе демалып жатқан Түркия президенті Ережеп Тайып Ердоған «Face Tіme» желісі арқылы бейне байланысқа шығып, елдің заңды үкіметін және демокра­тияны қорғау үшін көшеге шығуға үндеу таста­ды. Ал, премьер-министр Бенали Йылдырым жергілікті телеарналардың бірі арқылы сөз сөй­леп, әскерилердің мұнысы қылмысқа пара-пар  төңкеріс әрекеті екенін мәлімдеді.Ел көлемінде комменданттық сағат жарияланды.

""Баламды Қытай мемлекеті жазықсыз қамап тастады"" - Қытай үкіметінің қатаң бақылауына өткен бұл мәселе халықаралық деңгейде талқыға түсіп, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дәргейіне жеткен. Оны жеткізген Германиядағы қазақ азаматы Өмірхан Алтын еді.

JASQAZAQ.KZ. "Тау көтерген толағайдай ұл тумас па?.." - Қазақ күресінің тым әріде жатқан тылсым тарихы – алты Алаштың өмір тарихымен сабақтас. Белдескеннің белін үзетін балуандардың күш сынасуы аламан бәйге, ақындар айтысы сияқты ұлт өнерінің ұлықтауға әбден лайықты ажырамас бір бөлігі.

TURKYSTAN.KZ. "Кэтрин Уолш: Демократия деген — кезек күту" - Екі жылдан бері британдық қоғамды ішінен зерттеп келемін. Демократиялық қоғамның салты мен әдеттерін күнделікті көріп жүрсем де, ойлау жүйесіндегі өзгешелік көп мәселенің байыбына терең бойлауға ерік бермейді. Рас, адам құқығы мен бостандықтары дегеніңіз мұнда жылтыр сөз емес. Бірақ демократиялық қағидалардың қалайша жүзеге асып жататыны сырт көзге қалтарысы көп таңсық іс сияқты. Кешегі айда өткен ерте сайлауды алайықшы. Мерзімінен екі жыл бұрын өткізілген Британ парламенті сайлауының мақсаты да, нәтижесі де алдын-ала анық сияқты, ендеше батыстық демократиялық елдегі сайлаудың не артықшылығы бар? 


10 шілде 2017, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.