Атырау, 20 сәуір 00:11
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қазақ тілін латынға көшіруді қолдаған ресейлік блогер қайтыс болды

1 567 просмотра


Қазақ тілін латынға көшіруді қолдаған ресейлік блогер Антон Носик қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz.

Белгілі блогер 9 шілде күні 51 жасқа қараған шағында көз жұмды. Ол Яндекс рейтингі бойынша танымалдығы жөнінен алдыңғы ондықта еді. Lenta.ru, Vesti.ru, Gazeta.ru, Newsru.com сияқты Ресейдегі аса ірі ин­тернет-басылымдарға жетек­шілік жасаған.

Қазақстанның латын әліпбиіне көшетіні туралы жаңалық тараған кезде көршілес Ресейде де үлкен пікірталас туғаны белгілі. Сол кезде жан-жақтан қызу талқылау басталғанда, қазақ тілін латынға көшіруді қолдаған ресейлік блогер осы А.Носик еді.

Ол түркі тілдерін кирилл жазуынан гөрі латынша оқу оңай екенін мысалмен жеткізген болатын.

«Соңғы 20 жылда Түркия мен Қазақстанда бірнеше рет болдым. Туған әліпби мен үшін кирилл болғанмен, өз басым түркіше көше жазуларын оқудан ешқашан қиындық көрген емеспін. Тіпті, ол сөзде дәстүрлі латында жоқ ç, ğ, ö және ü әріптерінің өзі қалай оқылатынын түйсікпен білем. Ал жол бойындағы қазақша жазулардағы ә, ғ, ң, ө, ұ және ү әріптерінің қалай дұрыс оқыла­тынын ұға алмай-ақ қойдым. Тіпті, кириллмен 47 жылғы таныс­тығым да көмектесе алмады», - деген еді блогер.

Дереккөз: Baq.kz
 

10 шілде 2017, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.