Атырау, 18 сәуір 16:31
 ашықВ Атырау +21
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Көшеңізге жарық беріле ме?

3 738 просмотра
Көрнекі сурет

Атырауда мемлекеттік-жеке серіктестік бағдарламасы бойынша 39 көшеде «Атырау қаласында көше жарықтандыру және сервистік орталық құрылысы» жобасы жүзеге асырылатын болады. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясындағы өз баяндамасында облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Жұмабай ҚАРАҒАЕВ хабарлады.

Инвестор - «Батыс Транзит» АҚ қаржысына энергия үнемдейтін жарық-диодты лампалармен жарықтандыру жүйесі салынады. Жергілікті бюджет инвестор жұмсаған қаржыны жылдық 9,46 пайызбен 6 жыл ішінде қайтарады. Жалпы құны 5,128 млрд теңгелік жоба шеңберінде 160 км электр желісі, 20 трансформаторлық станциялар салынады. Құрылыс жұмыстары екі кезеңмен жүргізіледі: біріншісі – 2017-2018 жылдары, екіншісі – 2018-2019 жылдары.

Депутаттар осы жобаға сараптама жүргізуге 5,6 млн теңге бөлуді бірауыздан бекітті.   

Ал мынау жарықтандырылатын көшелер тізімі (қоса жалғанған тізім бойынша): Ақжар ауылында Атырау-Индер трассасынан бастап №25 көшенің бойымен Ақжайық көшесіне дейін; Атырау-Индер трассасынан Ақсай ауылына дейін; Атырау-Орал трассасындағы айналма жолдан 5-ші шақырымға дейін; Бірлік поселкесінде Атырау-Доссор трассасынан Загородный көшесі мен Геолоразведчиков өткелінің бойымен №4 көшеге дейін және №4 көшенің бойымен «АтырауНефтемаш» трассасына дейін; Ракуша поселкесінде Еркінқала-Атырау трассасынан Боқашев көшесінің және Қазақстан көшесінің бойымен М.Өтемісұлы атындағы мектепке дейін; Берғалиев көшесінен Баймұханов көшесіне (№22 мектеп) дейін; Жұмыскер поселкесіндегі М.Өтемісұлы атындағы мектептен Еркінқала поселкесіндегі паркке дейін; Атырау ауылында Атырау-Дамба трассасынан Құрманғазы көшесіне дейін; Томарлы ауылындағы гараждан Геолог поселкесіндегі мектепке дейін; Геолог поселкесінен (Томарлы ауылы) гаражға дейін; Томарлы ауылынан жанармай бекеті қиылысына дейін; Астрахань мен Орал трассаларының қиылысындағы айналма жолдан облыстық туберкулезге қарсы күрес ауруханасына дейін; Жеті қазына ықшамауданында; Балықшыдағы қиылыстан «Вторчермет» қиылысына дейін («Дамба» аялдамасы); аялдамадан Курилкино ауылына дейін; Курилкино ауылынан Дамбыға дейін; Тасқала ауылынан «Вторчермет» қиылысына дейін; Ширина поселкесіндегі мұнай базасынан «Вторчермет» қиылысына дейін; №1 көшеден мектеп пен балабақша орналасқан көше бойымен Махмұд көшесіне дейін; Жалмұхан көшесінен Амангелді атындағы мектепке дейін; Жангелдин көшесінің бойымен Амангелді көшесіне дейін және Жалмұхан көшесінен Амангелді көшесінің бойымен Атырау-Дамбы трассасына дейін; мектеп пен балабақшадан Махмұд көшесінің бойымен сол жақтан бастап Г.Қабышев көшесінің бойымен №41 үйге дейін, Г.Қабышев көшесі, №41 үйден бастап балық қорғау инспекциясының кеңсесіне дейін; Еркінқала ауылындағы Көшербаев көшесінен Есқалиев көшесінің бойымен Ш.Түсіпқалиев көшесімен қиылысқа дейін; Балауса және Өркен ықшамаудандарында Еркінқала-Атырау трассасынан №39 көше бойымен №34 көшеге дейін; №34 көшеден №11 көшеге дейін және №11 көшеден №22 көшеге дейін; Еркінқала-Атырау трассасынан Бекмағамбетов көшесінің бойымен Қожахметов көшесіне дейін (Балықшы-Авангард көпірі); Водников поселкесінде З.Қабдолов көшесінен Первомайский көшесінің бойымен 5546 әскери бөлімшесі (Ұлттық гвардия) бұрылысына дейін, З.Қабдолов көшесінен Проезд-1 көшесінің бойымен №8 көшемен қиылысқа дейін және Досмұхамедов көшесінен Қарабау көшесінің бойымен; Жұлдыз ықшамауданында Атырау-Индер трассасынан №6 көшенің бойымен №32 көшенің соңына дейін; Жұлдыз ықшамауданында №6 көшеден №19 көшенің бойымен №3 көшеге дейін, №3 көшеден Атырау-Индер трассасына дейін; Ақжар ауылында Атырау-Индер трассасынан С.Датов көшесінің бойымен жастар көшесіне дейін; Ақсай ауылында Атырау-Индер трассасынан негізгі көшенің бойымен Ақжайық көшесіне дейін; Ищанов көшесінен бастап Абай көшесінің бойымен Атырау-Дамбы трассасына дейін; Атырау ауылында Атырау-Дамбы трассынан Қ.Болманов көшесіне дейін, Қ.Болманов көшесінен Абай көшесіне дейін; Жаңаталап ауылында Х.Сұлтанов көшесінің бойымен трассаның соңына дейін; Курилкин ауылында З.Қабдолов көшесінен бастап №21 көшенің бойымен №22 көшеге дейін, №21 көшеден бастап №22 көшенің бойымен Бекмағамбетов көшесіне дейін; Курилкин ауылында №13 көшеден бастап Бекмағамбетов көшесінің бойымен 22-ші Партсъезд көшесіне дейін, Өтемісұлы көшесінен №22-ші Партсъезд көшесіне дейін, 22-ші Партсъезд көшесінен Қожақаев көшесінің бойымен Дамбы трассасына дейін;  Көкарна ауылында №13 көшеден негізгі көшенің (атаусыз) бойымен №7 көшеге дейін және №7 көшенің бойымен №12 көшеге (балабақша) дейін; Азаттық даңғылының трассасынан Ашхабад көшесінің, Береке көшесінің бойымен; З.Қабдолов көшесінен Шаған көшесінің бойымен Сырдария көшесімен қиылысқа дейін, Сырдария көшесінің бойымен Жайық көшесіне дейін және Шаған көшесінен Молодежный көшесінің бойымен Молодежный-2 көшесімен қиылысқа дейін.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 шілде 2017, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.