Атырау, 26 сәуір 01:39
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қылмыстар хроникасы

2 407 просмотра


Қызылқоға ауданында дала өрті жалғасуда. 1 шілдеден бастап ТЖД кезекші бөліміне сағат 13.43-те Миялы ауылдық округінің Қазантөңкерген деген жерінде қураған шөптің өртеніп жатқаны туралы дабыл түскен. Өрт сағат 21.10-да облыстық өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінің және жергілікті тұрғындардың күшімен өшірілді. Өртену аймағы 4 мың гектар жерді құрады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

***

Маусымның 27 маусымда Индербор поселкесінде Жайықта шомылып жүрген кезде 26 жастағы жергілікті тұрғын суға батып кетті. Екі сағаттан кейін денені сүңгуірлер жағаға алып шықты.

***

ҚІІБ-не 31 жастағы әйел адам шағымданды: 2 шілдеге қараған түні Тельман көшесінің бойындағы азық-түлік дүкенінің жанында оның күйеуін белгісіз біреу соққыға жыққан. Бұзақылық жасады деген күдікпен қала маңындағы Томарлы поселкесінің 31 жастағы тұрғыны ұсталды. Тергеу жүргізілуде.

***

Қала маңындағы Балауса поселкесінің тұрғыны полицияға биылғы жылдың наурызында Ақжар поселкесінің 31 жастағы тұрғыны Audi көлігін жөндеп беруге уәде беріп, 260 мың теңге мөлшерінде алдын ала төлем алып, ғайып болғанын хабарлады. Тергеу жүргізілуде.

***

Криминалдық полиция Жылыой ауданының 17 жастағы тұрғынын ұстады. Ол Әлиев көшесінің бойындағы мейрамханалардың бірінде келушінің сөмкесінен 15 мың теңге мен Samsung телефонын ұрлады деп күдіктелуде.

6 шілде 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.