Атырау, 24 сәуір 14:57
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

"Астана масондық ұйымдардың ордасы ма?", "Биліктің үзілген мойны немесе «Майлыбаевщина» жүйесі", "Ресейде 1917 жыл қайталануы мүмкін бе?", ""Ислам мемлекеті" ұйымы терроризм өртін Орталық Азияда тұтандыруы мүмкін"

3 256 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Ресейде 1917 жыл қайталануы мүмкін бе?" - Ресейдің марксшіл жастары Батыс елдеріндегі солшылдарға еліктейді, бірақ ондай болудың оңай емес екенін мойындайды. Қаланың ортасындағы кафеде Лениннің төсбелгісін ұстап, кофе ішіп отырып Марксті мақтаған Андрей – осы заманның коммунисі.

"Шахандағы жарылыстан соң шенеуніктер мен кеншіні сотқа тартты" - Қарағанды облысың Шахан ауылының әкімін «қызметі бойынша әрекетсіздік танытқаны үшін» айыптады. Әкіммен бірге оның қарамағындағы төрт қызметкердің де ісі сотта қаралып жатыр.

ZHASALASH.KZ. "«Міне, сіздің жұмысыңыздың нәтижесі...»" - Әрине, елімізде тәуелсіздік туы желбірегелі бері ауыл шаруашылығы саласы сыннан көз ашқан емес. Әйтеуір, осы сала көгермей-ақ қойды. Ауылдағы диқан мен мал баққан ағайынның жағдайы оңалмады. Айтыла-айтыла әбден жауыр болғандықтан шығар, қазір шенеуніктер ауылдағы шаруаның мұң-зарына елең етпейтін де болды. «Ауылдағының аузы сасық» деген осы.

Дегенмен де парламент депутаттарының соңғы отырыстарында ауыл шаруашылығы саласының мәселесі өте өткір айтылды. Депутаттардың бұл ащы айқайы құрдымға кетіп бара жатқан саланы қалай қатарға қосамыз, кемшілікті қалай жөндейміз деген адал ниетінен туындағаны анық. Халық қалаулыларының бұл ышқынуы ауыл шаруашылығы саласы жұмысының алға баспай жатқанын байқатқандай ма, қалай өзі?.. Ендеше, өзіңіз оқып көріңіз.

"Басқарманы ашып-жабу баланың ермегі ме?" - Біз бір нәрсені улап-шулап жүріп бастап аламыз да, керек-керек еместігін кейіннен тәжірибе жүзінде анықтаймыз. Мұны қазақстандық жүйеге, қазіргі қазақ қоғамына тән ерекшелік десек те болады. Жуырда Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының сессиясында өңірде арнайы тапсырмамен жүрген бас прокурор Жақып Асановтың аға көмекшісі Салтанат Тұрсынбекова сөз алып, ел-жұрттың жағасын ұстатқан біраз фактілерді жария етті.

"Биліктің үзілген мойны немесе «Майлыбаевщина» жүйесі" - Кезінде «ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс» болып, түкірігі жерге түспей тұрған президент әкімшілігі жетекшісінің бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаевқа қатысты қылмыстық іске нүкте қойылып, ол бес жылға сотталды.

INFORMBURO.KZ. "Қала күні Астанада тамашалар қызық көп" - Астана күні қарсаңында қала бойынша өтетін мерекелік шаралар саны көп. Қатысқыңыз келсе алдын-ала қамданыңыз. Шараның қай жерде өтіп кеткенін білмей қалмаңыз.

365INFO.KZ. "«Айтпай ма, басында!». «Нұрлы жер» бойынша тұрғын үй құрылысы тоқтады" - Қостанайдың Заречный ауылында жаңадан бой көтерген «Солтүстік» шағын ауданындағы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан баспаналарға сұраныстың болмауы жергілікті билікті қатты алаңдатуда.

QAZAQTIMES.COM. ""Ислам мемлекеті" ұйымы терроризм өртін Орталық Азияда тұтандыруы мүмкін" - Соңғы уақытта Сүрия мен Иракта жеңіліс тауып жатқан  «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының келесі нысанасы Орталық Азия болуы мүмкін.  

"Солтүстік Кореяның басты мақсаты 2017 жылы АҚШ-ты бомбылау" - Солтүстік Корея ядролық бомбы алып ұшуға қауқарлы құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізгендігі жайында мәлімдеді. 

ABAI.KZ. "Салафизм "ұлт" ұғымын жоққа шығарады" - Дамыған елдердің алдыңғы қатарына қосылуды мақсат тұтқан Қазақстан соңғы ширек ғасырда биік белестерді ба­ғын­ды­рып, елдегі тыныштықтың арқасында мемлекетіміз өркендеп, ілгері дамып келе жатыр. Тарихи жадыға тиесілі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, тағдыр тауқыметімен қаншама ұлыс өкілдері қасиетті қазақ жерін пана тұтқаны белгілі.

"Пассионарлықтың тектоникалық қозғалыстары бізден шығатынына сенімім мол!" - Батыс тарихында Шығыс мәдениеті адамзаттың дамуына ешқандай игілік қоспады, тек жойқын күш болды деген пікір басым. Мүлдемге қате ұғым! Тек қана, Еуразияның кіндігі Алтайдан төрт-бес бағыттағы пассионарлық ағымдар тарады. Мәселен, әлі күнге дейін Еуропа арланады, Рим Папасы өз тарихында бір-ақ адамның алдында жығылған, ол – Аттила. Халықтардың ұлы көші кезінде түркілер Еуропаға барды. Еуропаның ішіндегі орталық мемлекеттердің қағидасы, экономикалық-қаржылық және рухани жүйесі ғұндардың әсерімен құрылды. Екінші пассионарлық күш Шыңғыс ханмен тарады. Оның әскерінің 80 пайызы түркілер еді. 

JASQAZAQ.KZ. "Астана масондық ұйымдардың ордасы ма?" - Соңғы жылдары осындай ақпараттар мен түрлі бейнероликтер ғаламтор желісін кезіп жүр. Жуырда тіпті «елімізде масондарға арналған төртінші ложаның» ашылғандығы туралы деректер тарады. Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, масондар әлемдік Үкімет құрып алған. Сол арқылы олар бүкіл мемлекетке өз ықпалын жүргізе алады. Мұндай мәліметтер қаншалықты рас? Жалпы, «масондық» дегеніміз не? Одан төнер қауіп қанша?


5 шілде 2017, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.