Атырау, 20 сәуір 10:46
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ескерілмеген ерлік

Сурет
6 772 просмотра

«АЖ»-ның Московский өткелінде өртеніп жатқан үйден 4 кішкентай баланы аман алып қалған үш азамат туралы маусым айындағы жарияланымдары оқырмандардың үлкен талқылауына түскен болатын. Ал, шенеуніктер үнсіз қалды.

Тек маусым айының 29-ы күні Исатай ауданының Аққыстау ауылдық округі әкімдігінде аудан әкімі Марат МУРЗИЕВ Азамат АҒИСОВТЫ қабылдап, «Алғыс хат» және ескерткіш сыйлық табыстаған. Ал аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ринат ҚҰРМАНҒАЛИЕВ Азаматты өз мекемесіне жұмысқа шақырған. Бірақ оның жұмысы бар – «Атыраутранстелеком» АҚ филиалында инженер болып қызмет етеді. Жұмыс орнында да филиалының басқарушы директоры Руслан ЧЕРДАБАЕВ барлық жұмысшыларды жинап, Азаматқа «Алғыс хат» пен ескерткіш сыйлық табыс еткен.  



Еске салайық, Азамат – бірінші қабаттағы терезені сындырып, Абат АКЕТОВТЫҢ ең кішкентай сәбиді өрттен аман алып шығуына көмектескен жігіт.

Ал, шынында Абат пен Рустам ТАҒАНИЯЗОВ өз өмірлерін қатерге тіге отырып, жалынға оранған үйден балаларды алып шыққан (жағдайға қарамастан салқынқандылық танытып, жанып жатқан үйдің жанындағы газ баллонын оттан алыс жерге тасып, газ құбырының кранын жапқан). «Ерлігі үшін» медалі осындай батырларымызға берілуі керек қой. Ережесіне сәйкес, бұл медальмен төтенше жағдайларда (суда, өрттабиғат апаты кездерінде) адам өмірін құтқаруға байланысты және қылмысқа қарсы күресте көрсеткен батылдығы мен жанқиярлық ерлігі үшін марапатталады. Әлде мемлекеттік марапаттар қазіргі кезде елімізде тракторшы Абат пен нан таситын көліктің жүргізушісі Рустам сияқты қарапайым жандарға тиесілі емес пе?

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

Суретті түсірген автор

5 шілде 2017, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.