Атырау, 28 наурыз 15:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Желідегі іркілістер

2 126 просмотра


Аптап ыстық бізді электр энергиясына өте сезімтал етеді, электр болмаса салқындық та жоқ. Әрине, аптап ыстық үдеген кезде электр желілері істен шыға бастайды. Апта басталғалы «АЖ»-ға жарық іркілістері туралы қоңыраулар көптеп түсуде.

Біз энергішілерге сауал жолдадық: «Электрмен қамтуға қатысты іркілістер немесе жарықтың жаппай ажыратылуы Лесхоз-3, Мечников өткелінің бойында, Авангардтағы №№ 4, 17, 18, 19 (4 ы/а) үйлерде және т.б. байқалады. №74 үйдің (Авангард-3) тұрғындары электр желісінде кернеудің күрт төмендегенін тіркеді, іркілістер 220 норма бойынша 177-194 вольтқа жетуде».

«Авангард тұрғындарының өтініштері бойынша мыналар анықталды: желідегі төменгі кернеу ПИК балансындағы үйішілік қалқандар мен ішкі тарату құрылғыларының нашар күйде екендігімен түсіндіріледі, - деп шағымдарға комментарий берді «Атырау-Жарық» АҚ қалалық тарату желілерінің бастығы Ғабиден ҚАНАТОВ. - Лесхоз-3 ы/а, Мечников өткелінің тұрғындарына кезінде Атырау қалалық әкімдігі инженерлік инфрақұрылымсыз, соның ішінде электрмен қамтылмаған жер телімдерін берді.

Қазіргі кезде осы аудан тұрғындарының өздерінің күшімен Электр қондырғыларын орнату қағидалары бұзылып, жобаға сай емес әуе желісі салынған – желі жүктемесіне сай келмейтін 0,22/0,4кВ кернеудің төмендеуіне әкеледі. Бұл әуе желілері қалалық ТКШ бөлімінің балансында тұр және тұрғындарға жарыққа қатысты іркілістер болған жағдайда сол жерге жүгінген жөн.

Бізде температура +45С-ға дейін көтерілген кезде 10 жедел-көшпелі бригада жұмылдырылды, сонымен қатар, қосалқы станцияларда қалалық аудандық электр желілерінің бір бригадасы тәулік бойына кезекшілік етеді». 

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

5 шілде 2017, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.