Атырау, 18 сәуір 20:10
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Жолда жүру ережесі туралы заңға өзгерістер енгізілді

8 773 просмотра


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жолда жүру ережелері мәселелеріне арналған кейбір заң актілеріне өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы заң жобасына қол қойды.

Жаңа заңда "жолдардағы тәртіпке қойылатын талаптарды күшейтетін нормалар" бар. Мысалы, қарсы жолаққа шығып кеткені үшін жүргізуші куәлігінен айыру жазасы, масаң күйде көлік жүргізгені және ішімдік ішкенін анықтайтын тексеруден өтуден бас тартқаны үшін 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы енгізілген.

Заңда көлік жүргізушілеріне полицейлерді камераға түсіруге рұқсат еткен. Заңның ескі редакциясында бұл нормаға тыйым салынбаған, бірақ видоматериалдар сотта айғақ ретінде қаралмайтын. Енді жаңа түзетулерге сәйкес, апат орнында немесе жол үстінде болған өзге оқиға орнында түсірілген видео сот материалына айнала алады. Бірақ көлік жүргізуші полицей талабын мүлтіксіз орындауға міндетті.

Сонымен қатар жолда тоқтатылған жүргізуші көліктен түспей, полицейді салонда күтіп отыруы тиіс деген 2015 жылғы қаулының да күшін жойған. Құжатта бағдаршам алдындағы тоқтау сызығын басып тұрғаны үшін салынатын айыппұл көлемі азайтылып, жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен жағдайда жаңасын алу үшін қайтадан емтихан тапсыру, түнгі уақытта тұрақты емес тасымалдаушылардың жолаушыларды тасымалдауына салынған тыйым жойылған.

Дереккөз: Азаттық

4 шілде 2017, 13:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.