Атырау, 25 сәуір 08:55
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қазақстандықтардың жалақысына қалай әсер етеді?", "Депутат болу міндет емес, қызмет ету – міндет", "Майлыбаев пен Галихиндердің ісін жалғап отырғандар әлі де бар – Әзімбай Ғали", "Ресейден кет, қараңды батыр!"

1 831 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Депутат болу міндет емес, қызмет ету – міндет" - Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Жармахан Тұяқбай парламент депутаттары жалақысының көбеюін «бұл билік түрінің моральдық, өнегелік деңгейіне деген күмәнді бұрынғыдан да қүшейте түсетін арсыз әрі жауапсыз акт» деп бағалапты.

"Қырғыз таңы енді атып келеді..." - Әрине, көрші жатқан Қырғызстан туралы әңгімелей қалсақ, сонау Түркияға немесе Тай еліне барып келгендей аузыңды ашып, көзіңді жұмып тамсанып, көрген кереметіңді айтып, мұндағы елді таңғалдыра алмайтының анық.

AZATTYQ.ORG. "Тәжік-Иран қатынасының "шырыны" таусылды ма?" - Тәжікстанда Иран компанияларының өкілдіктері жабылып жатыр. Газ саудасына қатысты Түркіменстан-Иран, Каспийдің құқықтық мәртебесіне орай Қазақстан-Иран арасында алшақтық болғанымен, бұл елдерді транспорт, логистика саласындағы байланыс біріктіріп тұр.

"Ресейден кет, қараңды батыр!" - Мемлекеттік көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасында Ресей ішкі істер министрлігі 2018 жылдан бастап шетелдік мигранттарды Сібір мен Қиыр Шығысқа жіберуді жоспарлайды деп жазылған. Ал әзірше, яғни кейінгі айлардың практикасына қарағанда, Ресей билігі халықаралық босқындар мәртебесі туралы конвенция талаптарын бұзып, оларды елден шығарып жібергенді жөн көреді.

INFORMBURO.KZ. "Алты мың вольт электр тоғынан қорықпайтын тау-кен шеберін ЭКСПО-дағы шіл еден шошытты" - "Шұбаркөл көмір" компаниясының 250 жұмысшысы ЭКСПО көрмесін аралады. Болашақ энергиясы тақырыбындағы оқуға қатысып, дағдарыстан шығу жолдарын үйренді.

ABAI.KZ. "Құт әкелген құрылтай" - Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайының ашылуы, құрылтайда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жасаған баяндамасы Тәуелсіздік жылдары Атажұртына көшіп келген бір миллионнан астам қандастарымыз үшін де, енді көшіп келуге түйесін қомдап отырған алыс-жақын шетелдегі бес миллион қазақ  үшін де зор қуаныш болды. Міне, он күннен асты, жұр сол құрылтайдың әсерінен әлі шыға алмай, мәз-мәйрам болып, бір-бірінен сүйінші сұрап жүр.

TENGRINEWS.KZ. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қазақстандықтардың жалақысына қалай әсер етеді?" - Қазақстанда 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүзеге асырылды. Бұл жоба жалдамалы қызметкерлердің жарнасын кезең-кезеңмен 2 пайызға, ал жұмыс берушілердің жарнасын 3 пайызға дейін көтеру мәселесін қарастырады. Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі экономистердің пікірін білді.

QAZAQTIMES.COM. "Неміс қоғамын 2017 жылда үлкен сынақтар күтіп тұр" - Шетелдік сарапшылардың көзқарасы бойынша, 2017 жыл Германия үшін, Еуроодақ және өзге де әлем елдерімен қарым-қатынаста терең белгісіздік жайлаған жыл болмақ. Германияның алдында, 24 қыркүйекте Федералдық сайлаудан сырт, ел ішінде және ЕО-да көптеген түйткілді түйіндерге дөп келгелі тұр.  

QAZAQUNI.KZ. "«ЛАД» тағы да ЛАҢ салып, мемлекетті айыптады! МЕМЛЕКЕТ НЕГЕ ҮНСІЗ?!" - Орыс ұйымдарының сан түрлі жиындарына қатысып, талай мәлімдемелерімен танысқаннан кейін, ешнәрсеге таңдана қоймаймын, алайда бұл жиынның сөз саптасы мүлдем бөлек екенін естеріңізге салғым келеді. Әңгіме, олардың бұрынғы байбаламдарының қайталануында емес (бұған етіміз үйреніп кетті), мемлекетті, қоғамды айыптауда жатыр. Демек мемлекеттік органдар, оның ішінде Президент, Прокуратура, ҚР Халқының Ассамблеясы бұл айыптауларға нақты және ресми жауап беруге міндетті.

"Майлыбаев пен Галихиндердің ісін жалғап отырғандар әлі де бар – Әзімбай Ғали" - Ертең ақпараттық соғыс бола қалса, бізді кім қорғайды? Қазақтілді БАҚ бұған төтеп беруге қауқарлы ма? Саясаттанушы Әзімбай Ғали соны айтқысы келген сияқты.



3 шілде 2017, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.