Атырау, 19 сәуір 19:59
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Сирияда АҚШ қолдайтын көтерілісшілер Ракканы қоршады

2 092 просмотра


Сириядағы АҚШ қолдайтын күштер "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы бекінген Ракка қаласына соңғы кіреберістерін бақылауына алды деп хабарлады бақылаушылар. ИМ содырлары өздерінің астанасы деп жариялаған Ракка қаласы қоршауға алынған.

Syrian Observatory for Human Rights ұйымы 29 маусымда АҚШ қолдайтын күрд және араб көтерілісшілерінің "Сирия демократиялық күштері" альянсы Ракканы барлық жағынан қоршағанын, нәтижесінде содырлар қалада қамалғанын хабарлады.

Иракта үкімет әскері де ИМ басып алған ең ірі бекінісі - Мосул қаласында ежелгі мешітті қайтарғанын хабарлаған. АҚШ бастаған коалиция қолдайтын ирак армиясының мешітті қайтарып алуы символдық мәні бар оқиға болып отыр. Себебі үш жыл бұрын ИМ осы мешітте "халифат" құрғанын жариялаған. Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади содырлардың "жасанды" мемлекетінің ақыры таяғанын мәлімдеді.

Сирияның 2014 жылдан бері ИМ бақылауындағы Ракка қаласын азат ету операциясы 2016 жылы қарашада басталған.

Пентагонның ресми өкілі Райан Диллон АҚШ қолдайтын әскер осы аптада Ракка маңынан ИМ содырларын тықсырып шығарып, шамамен 12 шаршы километр аумақта өз бақылауын орнатқанын айтты. Оның сөзінше, "Сирия демократиялық күштері" Раккаға кіретін барлық жолды бақылауына алған. Көтерілісшілердің өкілдері қалада шамамен 4 мыңға тарта ИМ содыры қалғанын мәлімдеді.

Дереккөз: Азаттық

30 маусым 2017, 12:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.