Атырау, 20 сәуір 16:05
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Франция мен АҚШ президенттері Башар Асадқа қарсы бірлеспек

2 607 просмотра


Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ президенті Дональд Трампқа телефон соғып, Сүрия тақырыбында кеңесті деп хабарлайды «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты. 

Олар бір ауыздан, егер Башар Асад билігі химиялық қару қолданса онда бұл режимге бірлесе қарсы тұратындарын айтқан. АҚШ Қорғаныс министрлігінің екі күн бұрын жасаған мәлімдемесінде Сүрия режиміне тиесілі Шайрат әуе базасында жаңа әрі ауқымды химиялық шабуылға дайындалып жатқаны туралы анықтағандарын айтты. Бұл әуе базасы 6 сәуірде АҚШ әскери күштері зымыран шабуылын жасаған база болып табылады.

Франция президенті Макрон телефонда Трамппен Сүрия тақырыбында әңгімесі жарты сағатқа созылған. Тараптар химиялық шабуылдарды болдырмау, болған жағдайда Сүрия билігіне күшті қысым жасау туралы пікір бірлігіне келіп отыр. Бұл аладағы Сүрия жағдайын қайталай шиеленіске алып келуі мүмкін.

Дереккөз: qazaqtimes.com 

29 маусым 2017, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.