Атырау, 29 наурыз 18:20
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Байланыс шамалы

3 177 просмотра

-Тасшағыл, Қарабау, Тайсойған, Қаракөл ауылдарында интернет жылдамдығы өте төмен, әсіресе, кешкі уақытта солай. Интернет жылдамдығын арттыруға бола ма?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облыстық телекоммуникациялар дирекциясының техникалық директоры Нұрлан МАҚҰЛОВ жауап береді:
- Атырау облыстық телекоммуникация дирекциясы шалғай ауылдарда телекоммуникация желісін дамыту және жаңғырту жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Телекоммуникация желісін қолдау және ұсынылатын қызметтер сапасын арттыру, байланыс жолының өткізу мүмкіндігін ұлғайту мақсатында «Атырау облысындағы ауылдық елдімекендер үшін тасымалдау ортасын кеңейту» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жобаның аясында Атырау облысының бес ауданының 17 учаскесінде, оның ішінде Қызылқоға ауданының Тасшағыл, Қарабау, Тайсойған, Қаракөл, Қоныстану ауылдарында интернетке қосылу жылдамдығын арттырып, ұсынылатын қызметтер сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін цифрлы радиорелелік байланыс желісін салу жоспарланып отыр. Техникалық қиындықтар туындаған жағдайда 165 қызметіне, яғни, Орталықтандырылған жөндеу бюросына хабарласуыңызға немесе 165atyrau@telecom.kz электронды поштасына өтінішіңізді жолдауыңызға болады.

29 маусым 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.