Атырау, 19 сәуір 03:06
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

ҚАЖД: Белсенді Макс Боқаев аштығын тоқтатты

2 863 просмотра


Атырау қаласында өткен "жер шеруіне" қатысқаны үшін сотталған белсенді Макс Боқаев аштық жариялауын тоқтатты деп хабарлады Азаттыққа Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) бас дәрігер маманы Кирилл Помазанов.

Петропавл қаласындағы ЕС-164/3 колониясында жазасын өтеп жатқан белсенді өзін тұрғылықты жері – Атырау облысындағы түзеу колониясына ауыстырудан бас тартқан билікке наразылық ретінде маусымның 10-ынан бастап аштық жариялаған еді.

Кирилл Помазановтың сөзінше, судан басқа екі апта нәр татпаған сотталушы аштық жарялауын маусымның 24-і тоқтатқан, қазіргі жағдайы "бірқалыпты".

44 жастағы Макс Боқаев былтыр Атырауда өткен жер реформасына қатысты жаппай ереуілден соң 2016 жылғы 28 қарашада Атырау қалалық №2 қылмыстық сотының үкімімен бес жылға бас бостандығынан айрылған. Оның жазасын өтеу орны ретінде алдымен Атыраудағы УГ-157/9 жалпы режимдегі колониясы деп көрсетілгенімен, кейін оны Петропавлдағы ЕС-164/3 мекемесіне ауыстырған.

Макс Боқаев өзін Солтүстік Қазақстан облысындағы түрмеге ауыстырған ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің шешімі "заңсыз" деп біледі. Боқаев өзін тұрғылықты жері – Атырау облысындағы түзеу колониясына ауыстырудан бас тартқан билікке наразылық ретінде аштық жариялаған.

Бұған дейін Макс Боқаев өзін Атыраудан Петропавл түрмесіне ауыстырған ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің үстінен сотқа шағымданған. Бірақ Астананың Алматы аудандық соты "Боқаевты Атырауға ауыстыруға негіз жоқ" деген уәжбен тұтқынның шағымын қанағаттандырудан бас тартқан.

Дереккөз: Азаттық

28 маусым 2017, 13:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.