Атырау, 29 наурыз 18:44
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

ДНК үкімі

3 222 просмотра


Атырау қалалық ювеналдық сотында жергілікті тұрғыннан оның әкелігін анықтап, 8 және 6 жастағы балаларына алимент өндіріп алу туралы Шымкент тұрғынының талап арызы бойынша іс қаралды.

Өтініште әйел жауапкермен азаматтық некеде болғанын, бірақ екінші сәбиі дүниеге келген соң күйеуінің онда да екі баласы бар бұрынғы отбасына оралғанын көрсетті. Алты жыл бойына жауапкер азаматтық некеде туылған балаларына материалдық көмек көрсетпеген.

Сотта жауапкер әкелігін мойындамай, сот-генетикалық сараптама жүргізуді талап етті. Сараптама оның екі баланың биологиялық әкесі екенін дәлелдеді.

Сот шешімімен жауапкер бұрынғы азаматтық некедегі әйеліне балалары кәмелеттік жасқа жеткенше айлық жалақысының 1/3 мөлшерінде алимент төлейтін болады. Бұдан басқа, одан 315 400 теңге мөлшерінде сараптама жасау шығындары өндіріліп алынады. Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, жыл басынан бері әкелігін анықтап, алимент өндіру туралы 35 азаматтық іс қаралды. Олардың сегізі бойынша сот-генетикалық сараптама жүргізілді. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 маусым 2017, 12:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.