Атырау, 23 сәуір 14:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Парламент сенатына сайлау басталды

1 671 просмотра


Қазақстанда парламент сенатына өкілеттігі аяқталған депутаттардың орнына сайлау басталды.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Константин Петровтың айтуынша, 16 депутаттық мандатқа 38 үміткер тіркелген. Оларды 14 облыс пен Алматы және Астана қалаларының барлық деңгейдегі мәслихаттарының 3291 депутаты сайлайды. Бұл сайлауда бірінші рет сайлаушыларды тіркеу, дауыс беру, оның қорытындысы шығару электронды түрде жүргізіледі. ОСК өкілі сайлау барысын Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтынан бақылауға болатынын айтады.

Сайлау қорытындысы 4 шілдеден кешіктірілмей жарияланабақ.

ОСК сенат сайлауын бақылауға ТМД , Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Түркі тілдес елдері ынтымақтастық кеңесі және Түркі тілдес елдер парламенттік ассамблеясынан 113, 16 шет мемлекеттен 39 бақылаушы тіркелгенін айтады.

Сенатта 47 депутат бар. Оның 15-ін президент тағайындайды. Ал қалған 32-сін облыстық және Алматы мен Астана қалаларының мәслихат депутаттары сайлайды.

Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл. Әрбір үш жылда өкілеттігі аяқталған 16 депутат қайта сайланады. Соңғы рет сенат депутаттарын сайлау 2014 жылы өткен.

Дереккөз: Азаттық


28 маусым 2017, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.