Атырау, 19 сәуір 18:06
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қыстақта атылған оқ

2 850 просмотра


Қылмыстық істер жөніндегі сотта шопандар арасындағы ұрыс-керіс туралы іс қаралды.

Биылғы жылдың қаңтарында Құрманғазы ауданындағы қыстақтардың бірінде қайғылы оқиға орын алды. Жалдамалы екі шопан жайылымнан отарды айдап келіп, қой қораға қамап, мал мен қыстақ иесінің сол кезде үйде болмағанын пайдаланып, спирттік ішімдіктер іше бастаған. Бір шопан бөтелкелесінің кекештігін келемеждеуге кіріседі. 34 жастағы ер адам келемежке шыдай алмай, қожайындарының үйіне жүгіріп барып, қабырғада ілулі тұрған қаруды алып, әлгі шопанның басынан атып жібереді. Ол сол жерде көз жұмады.

Сот үкімімен шопан К.М. ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-тармағы («Адам өлтіру») бойынша қарастырылған қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, қатаң режимдегі колонияда 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

27 маусым 2017, 19:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.