Атырау, 25 сәуір 16:07
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Мектеп бітірген егіздер

Сурет
7 526 просмотра

Дамир мен Амир БЕЙСЕНБАЙЛАР
Атырау облысында биыл үш егіз жұп мектеп бітірді. Таныс болыңыздар, қаладағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің түлектері Дамир және Амир БЕЙСЕНБАЙ. 

- Біз бір сыныпта оқыдық, ұстаздар бізді үнемі шатастыратын. Тек кейбірі ғана ажырата алатын. Қалғандары «Сен Дамирсің бе, Амирсің бе?» деп сұрайтын, - дейді Дамир. - Бала кезімізден спортпен шұғылданып, домбыра үйірмесін аяқтадық. Бірге күй шертеміз, бірақ таңдаған мамандығымыз басқа. Біздер Қарағанды қаласындағы әскери оқу орнына түскіміз келеді. Егер түссек, әрине бір мамандықта, бір топта оқитын боламыз. Мамандық таңдауда екеуміздің ойымыз бір жерден шыққанына қуаныштымыз. Дегенмен де екеуміз мінез жағынан екі түрліміз. Мен тұйықтаумын, көп сөйлемей, көпшілік ортаны ұнатпасам, Амир мінезі ашық, адамдармен тез тіл табысып кетеді.  

- Егізінің сыңарының орнына емтихан тапсырған жағдайлар өмірде бар. Сіздерде ондай болды ма?

- Жоооқ, - деп күлді егіз ұлдар бір-біріне қарап.

Индира мен Эльвира ТЕМІРХАНОВАЛАР
Ал Құлсары қаласындағы М.Сатыбалдиев атындағы №18 мектептің түлектері Индира мен Эльвира ТЕМІРХАНОВАЛАРДЫҢ басында ондай жағдай болған.

- Апайым мені тапсырма бойынша бір жерге жұмсап жіберген болатын, ал сыңарым болса сыныпта отыр. Жаңағы апайым сыныпқа келіп, Эльвирадан «тапсырма не болды?» деп сұрапты. Эльвира ештеңе білмейтін. Ал мен болсам төменде жүрмін. Эльвира апайға «Қандай тапсырма апай?» депті. Содан ішке менде келдім. Апай «Индираны жұмсаған екенмін ғой» деп күліп жіберді. Осындай шатастыру жиі болып тұрады, - дейді Индира.  

- Қандай мамандық таңдадыңыздар?

- Екеуміз де ән айтқанды жақсы көреміз, мектепте жүріп «Егіз-лебіз» тобын құрдық. Тойлар мен концерттерге шығып тұрамыз. Өзімізді үлкен сахнада көрсеткіміз келеді. Бірақ, ата-анамыз өнер жолына түсуімізге қарсы, сондықтан әлі көреміз, - деп күрсінді Индира.

Әмірхан мен Темірхан ЗИНЕДЕНОВТЕР
Исатай ауданы Зинеден ауылындағы Ю.Гагарин атындағы орта мектептің түлектері Әмірхан мен Темірхан ЗИНЕДЕНОВТЕР:  

- Екеумізге де ән айтқан, спортпен шұғылданған ұнайды. Мен болашақта заңгер болғым келсе, Темірхан мұнайшы болады, - дейді Әмірхан. – Сондықтан екеуміз екі оқу орнында білім аламыз, үнемі бірге жүретін біз үшін бұл қиын болайын деп тұр.  

- Сіздер шынымен де бір-біріңнен шынымен де аумайсыңдар. Мінездерің ше?

- Иә, менің мінезім ашық, мың рет өлшеп, бір рет кескенді ұнатамын. Ал Темірхан тік мінезді, ойындағысын бірден бетке айтып салады, шапшаң. Жалпы, күлсек бірге күліп, қиналсақ бірге қиналамыз. Әрқашан бір-бірімізді қолдап жүреміз.

Фархат ӘБІЛОВ, АМУ-дың 3-курс студенті

27 маусым 2017, 18:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.