Атырау, 25 сәуір 10:19
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Қытайдағы қазақтың жайынан президент хабарсыз", "Қалың малға құныққандар жастардың бағын байлап жүр. Қалың мал туралы аңыз бен ақиқат", "Тапсырыспен үкім шығаратын сауатсыз судья", "Журналист Путин режимімен «күресе беретінін» айтады"

2 551 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Жамбыл ауданының Жайсаңында жер дауы ушығып тұр" - Алматы облысының Жамбыл ауданы Ақсеңгір ауылдық округіне қарасты Жайсаң ауылында жер дауынан төбелес шықты. Таласқа түскен жер – ауыл іргесіндегі «жайылым». Жерді жалға алған - кәсіпкер, «малды қайда жаямыз?» деп наразы болғандар – 50-ден астам оралман. Кәсіпкер өкілі жерді «жалға алғандарын» айтады, әкімдік оны растайды. Ал оралмандар әкімдік берген жайылым «ауылдан алыс және ол жерде су жоқ» дейді.

"«Қарапайым сантехник» халифат идеясын насихаттау күдігіне ілінді" - Қамаудағы екібастұздық мұсылман жігіттің екінші әйелі бір айдан бері мамырдың 19-ы күні Павлодар тергеу абақтысында аштық жариялаған жұбайының денсаулығы нақты қандай күйде екенін білуге тырысып жүр. ІІМ «аштықты тоқтатты» деп мәлімдейді.

"Журналист Путин режимімен «күресе беретінін» айтады" - 2017 жылы маусымның 27-і күні Курск қаласының Ленин аудандық соты журналист және бұрынғы депутат Ольга Лиге 90 мың рубль көлемінде айыппұл салды. «Народный журналист» газетінің бас редакторын «судья Людмила Шуроваға жала жапты» деп айыптап отыр.

ZHASALASH.KZ. "Сирия соғысындағы Қазақстан: ЕНДІ ҚАЙТТІК?.." - Қандай да бір шиеленіскен халықаралық мәселе туа қалса, Қазақстан я түсіністікпен қарайды, я бітімгершілік бағытын ұстанады. Биліктің мұндай ұстанымын түсінуге талап қылсақ, оған мемлекеттің тым жастығын, геосаясаттағы ірі ойыншы болуға әскери-экономикалық және демографиялық әлеуетінің әлсіздігін алға тартуға болады. Алайда бұл айтылғандар мемлекеттік мүддені қорғауда қауқарсыздық көрсетіп, кім не айтса да үнсіз ғана соның дегеніне көнгендей кейіп танытып отыра беру дегенді білдірмейді.

"Ендігі жетпегені ант беру екен..." - Қазақстан парадоксқа толы. «Шекарасыз тілшілер» (Reporters Without Borders – RWB) халықаралық ұйымының әлемдегі баспасөз бостандығы жөніндегі рейтингісінде еліміз 157-ші орында (2016 жылғы дерек). Яғни ой, сөз еркіндігіне шектеу қойылған, бұқаралық ақпарат құралдарының аузы буылған мемлекеттердің алдындамыз. Сонымызға қарамай, 2002 жылдан бері жыл сайын Еуразия медиафорумын өткіземіз. Оны биыл тағы да өткіздік. Әдеттегідей алыс-жақыннан мамандарды жинап алып, әлемдік деңгейде мәселе көтердік. Сирия жайын айттық, тағысы тағы. Бірақ «Қазақстандағы сөз еркіндігі неге шектелді?» дегенге бас қатырған ешкім жоқ. Еуразия медиафорумын өткізгіш мемлекетте оппозициялық «Трибуна. Саяси қалам» сияқты газеттер неге жабылып, Жанболат Мамайдай тәуелсіз тілшілер неге тергеуге түсіп, қамауға алынады деген мәселе де көтерілмейді. Есесіне қазақстандық шенділер бұл форумда ғаламдық деңгейде ұсыныс тастап, көзге түсуге тырысады. 

"Қытайдағы қазақтың жайынан президент хабарсыз" - Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының бесінші құрылтайы екі күнге созылып, әдеттегідей дайын сценарий бойынша өтті. Көл-көсір мадақтаулар айтылды. Қолпаштаулар да көп болды. Шешендер сөзден сарай тұрғызып, ақындар жырдан шашу шашты. Бұрынғысынан бір айырмасы – құрылтай сайын өткізілетін ала доп шапқыны (шағын футбол турнирі) болған жоқ. Есесіне әлемнің 39 елінен келген 350 делегат пен 400-ге жуық қазақстандық көрермені кем ЭКСПО көрмесін келушімен толтырды.

INFORMBURO.KZ. "Қалың малға құныққандар жастардың бағын байлап жүр. Қалың мал туралы аңыз бен ақиқат" - Қалың мал – иісі қазаққа таныс салт. ХХ ғасырдағы «үзілістен» кейін жаңғырғанымен кей жерде дәстүрлік мәнін жоғалтты. Тіпті әлеуметтік індетке айналып барады.

365INFO.KZ. "«Мұны қалай білмейсіз?». Танымал журналист Сағынтаевтың қателігін бетіне басты" - Неге? Неге орысша? Бізді қойшы, алдымен өздері неге өзгермейді? Өздерінен неге бастамайды? Сағынтаевтың қазақшасы жақсы еді ғой? Ал Үкімет неге орысша сөйледі? Отырыстарын неге орысша өткізеді?

"«Бүгін кімді тірідей жесек екен?..»" - Мұқағали айтпақшы, «Қазақ деген кім?» десем, өзім екенмін, мен екенмін!..Мен бүгінгі күйім қандай ендеше? Қазақ деген кім? Ол қайда барады? Қандай ел едік? Қандай болдық? Журналист Қанат Ескендірдің бұл тараптағы ой-топтамалары тұщымды екен. Әлеуметтік желідегі парақшасында жазыпты. Сіз де оқыңызшы. Ойланыңызшы.

ABAI.KZ. "Тапсырыспен үкім шығаратын сауатсыз судья" - Алмалы  аудандық №1 сотының судьясы  Қ.Иманқұлов  сот ісін жүргізуде сотталушыны ақтау  үшін сот жүргізудің процессуальдық нормаларын өрескел бұзып  судья мәртебесіне лайық емес сауатсыздық танытып, кешірілмейтін қателіктерге жол берді. Судьялық лауазымдарын, қызмет билігін асыра пайдаланып менің конституциялық құқымды шектеп, ҚР ҚК-нің  418-бабында көзделген  заң бұзушылық-көрiнеу әдiлетсiз сот үкiмiн шығарды.

"Еуразиялық медиа форумның орнына жылда құрылтай өткізу керек" - Қазаққа ненің қажет, ненің қажет емес екені анық бола бастады. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы өтіп еді, бүкіл жаһанға жар салып, миллиардтарды желге ұшырып сауын айтқан Еуразиялық медиа форумымыз көлеңкеде қалды. Барымызды салып, әлемге танылу үшін өткізіп жатқан ЕXPO-ның өзі екінші пландағы тақырыпқа ысырылып тасталғандай болды.

AIKYN.KZ. "Мағжан Садыханұлы: журналист – сыншы, ақиқатты айтушы" - Әдетте, маусым айының соңына қарай журналист қауымның бір марқайып қалатыны бар. Масс-медианың дамуы да, БАҚ-тағы үрдістер де, журналистиканың бүгіні мен кешегісі, келешегі де осы күндері жиі талқыға түседі. Өйткені алда кәсіби мереке келе жатыр. Осы орайда Қазақстан Журналистер одағы Астана қалалық филиалының төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Мағжан Садыханұлын әңгімеге тартқан едік. 

DALANEWS.KZ. "Айдос Сарымның пікірімен толықтай келісемін" - Қазір көлеңкесінен қорқатын азаматтар көбейді. Олар маған «Қазақстанға Қытайдан қандай қауіп бар?» деген қарабайыр сұрақты  жиі қояды. Мұндай сұрақтардың өңін айналдырып «Ресейден қандай қауіп бар?» «АҚШ-тан қандай қауіп төніп тұр?» деп қоя беруге болады. Бір нәрсенің басы ашық. Қазақстан тәуелсіз, ұлттық мемлекет, сондықтан оның мәңгілік досы да, мәңгілік жауы да жоқ. Қытай да солай. Ол бізге жау да, дос та емес. Тек жаз жайлауы, қыс қыстауы тоғысып жатқан ежелгі көрші. Бүгінгі экономикалық әріптес, дипломатиялық тұрғыдан тату көрші.

27 маусым 2017, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.