Атырау, 25 сәуір 19:50
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Су полициясы Жайық жағасына көшіп барды

3 344 просмотра

Атырау облысы ішкі істер департаменті Балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес жөніндегі полиция бөлімі дербес ғимаратқа ие болды.

Жаңа ғимарат Атырау балық зауыты жанындағы фин асханасының бұрынғы орнында орналасқан. Нысан жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа күрделі жөндеуден өткен.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, жаңа ғимаратқа арнайы даярлық басқармасы да көшірілген. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің оқу-жаттығуы үшін барлық жағдай жасалған.

- Бұрын өздерінде арнайы ғимарат болмағандықтан, аталған полиция бөлімі Балықшы кентіндегі қалалық №1 полиция бөлімінің аумағында отырды. Енді ғимараттың алдындағы жағалауда су полициясы көліктерінің тұрағы, кемелерді шығаратын айлағы, тіпті суда жүзу құрылғылары да ұйымдастырылған.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

27 маусым 2017, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.