Атырау, 20 сәуір 13:34
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Веложолдағы "табиғат таңғажайыбы"

2 015 просмотра

Әуежай трассасының жиегіне еуропалық стандартпен салынған велосипед жүретін жолақтың кейбір тұстары күмпиіп-күмпиіп көтеріліп, жарылып та кеткен. Міне, енді таңертеңгілік жүгіргенде немесе велосипедпен жүрсеңіз асфальт бетіндегі ортасынан шөп жарып шығып келе жатқан төмпешіктерден қашып құтыла алмайсыз. Бұл жайт қатар жатқан жаяу жүргінші жолында да орын алған. Қысқасы, бұл жерде әңгіме құны 1 млн доллардан (қазіргі бағам бойынша) асатын жаңа асфальт қабаты туралы болып отыр. 






Бөлінген қаржының техникалық стандарттарды (асфальт астындағы құрылымдық қабаттың қалыңдығы, геотекстилді қолдану және т.б.) сақтауға жеткілікті болғаны анық. Әзірге жолдың көп бөлігі – 4,6 шақырымы бүліне қойған жоқ,  жарықшақтар трассаның аяғына таман байқалады. Бәлкім мердігер («Атырауинжстрой» ЖШС) қаржыны дұрыс есептемеген немесе геотекстиль төсемдерінен үнемдемек болған ба?

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген автор

27 маусым 2017, 12:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.