Атырау, 25 сәуір 05:25
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Майк Тайсон Головкин - "Канело" жекпе-жегінде кім жеңетінін айтты

3 674 просмотра


Бокс аңызына айналған Майк Тайсон қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегінде кімнің жеңетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz. 

"Головкиннің "Канеломен" жекпе-жегін тағатсыздана күтіп жүрмін. Бұл кездесу Флойд Мейвезер мен Конор МакГрегордың жекпе-жегіне қарағанда қызығырақ. Кімнің жеңетінін білмеймін, бірақ меніңше, "Канело" тым жақсы. Мейвезер мен МакГрегордың жекпе-жегіне келер болса, меніңше, бұл бокс үшін жаман емес, тіпті жақсы. Конор, сөзсіз, жеңіледі. Флойд қаншалықты тез жеңеді деген мәселе ғана тұр", - деп келтіреді Тайсонның сөзін Globo Esporte.  

Мейвезер мен МакГрегордың жекпе-жегі 26 тамызда Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді, ал 16 қыркүйекте бұл аренада Головкин мен "Канело" жұдырықтасады.

Дереккөз: Vesti.kz


27 маусым 2017, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.