Атырау, 19 сәуір 20:17
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Монғолиядағы президент сайлауында оппозиция өкілі көш бастап тұр

1 737 просмотра


Монғолиядағы президент сайлауында оппозициялық партия өкілі алда келеді. Кеше Монғолияда президент сайлауы болып өтті. Сайлауға ел халқының 66,5 пайызы қатысқан. Әзірге сайлауға қатысқан үш кандидаттың ішінде көш басында Демократиялық партия өкілі Халтмаагийн Баттулга келе жатыр.

Бірақ сайлауға қатысқан үш үміткерде тиісті 50 пайыз дауыс жинай алмаған. Сол себепті алдағы екі апта ішінде сайлаудың екінші туры өтуі тиіс. Халтмаагийн Баттулгамен бірге екінші айналымға кім шығатыны әзірге белгісіз. Ол қазір билік басында отырған Монғолия халықтық партиясының өкілі Миеэгомбын Энхболд немесе Монғолия халықтық-революциялық партиясының өкілі Сайнхуугийн Ганбаатар болуы мүмкін.

Естеріңізге салайық маусымның 26 күні Монғолия халқы өз тарихында жетінші рет президент сайлауын өткізген болатын. Сайлау кезінде ел аумағында 1983 сайлау бөлімшелері таңғы сағат 7:00-ден түнгі сағат 22:00-ге дейін жұмыс жасаған. Сайлау комиссиясының жұмысын әлемнің 37 елінен келген 123 бақылаушы қадағалаған.

Дереккөз:  qazaqtimes.com 


27 маусым 2017, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.