Атырау, 29 наурыз 16:42
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ет өнімдерінің қымбат болуына мал бағуға кететін шығындардың артуы себеп болып отыр

1 698 просмотра


Алматыда Ұлттық кəсіпкерлер палатасының ауылшаруашылығы өнеркəсібі кешені комитетінің көшпелі жиынында тауар өндірушілер ет қашан арзандайтынын айтқан болатын. 

 «Елімізде өсіріліп жатқан малдың өнімділік көрсеткіші әлемдік параметрлерден төмен. Қазақстандық ірі қараның өнімділігінің генетикалық индексі 60-70 болса, ал, АҚШ-та орташа өнімділік индексі - 195, еуропа елдерінде - 120, жаңа Зеландияда 100 болып отыр. Өнімділіктің төмендігінен сүт пен ет өнімдерінің қымбат болатыны заңды», - деді «Байсерке Агро» ЖШС-ның директоры Алтай Кенжебаев.

Ет өнімдерінің қымбат болуына мал бағуға кететін шығындардың көбейіп бара жатқандығы да ықпал ететін көрінеді. 

«Биыл, жем-шөп қымбаттағандықтан, ет өнімдері де сәйкесінше қымбаттайды. Егер былтыр бір шөмеле шөп 250-300 теңге болса, биыл 400 теңге шамасында. Болжам айта алмаймын. Бірақ бұл да ет бағасына әсер етері сөзсіз»,- деді А. Кенжебаев. 

Мал азығын өздері өсірмек болған фермерлер де бірқатар қиындыққа тап болып отыр. Мәселен, тамшылап суару тетігін орнату үшін өндірушілермен арнайы келісімге келу керек. Бұл құралдарды қазақстандық шабындықтарға бейімдеу қосымша шығынды талап етеді. Алайда 2020 жылға қарай фермерлер ет бағасының түсетінін болжап отыр. Өйткені биыл қыркүйекте ірі қара мен шошқаның эмбриондарын өсіретін арнайы зертхана ашылады. 

«Өнімділік индексі 600 болатын американдық Голштин тұқымының 20 басының генетикалық тірі материалын алдырамыз. Олардың әрқайсысында 18-60 аналық жұмыртқа болады. Біздің сиырларды жасанды жолмен ұрықтандырамыз. Осылайша асыл тұқымды төл алуға болады. Әкелінген 1 сиырдан 2018 жылға таман 18 бұзау аламыз. Ал сиырларды сырттан әкелген күннің өзінде біз жылына 1-2 бұзау алатын едік. Өнімділік жоғары, шығындар сол қалпында болса, ет бағасы төмендейді.  Өйткені базарда ет-сүт өнімдері көбейеді», - деді шаруашылық басшысы.

Дереккөз:  qazaqtimes.com

27 маусым 2017, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.