Атырау, 25 сәуір 10:07
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Ұшақтар толығымен отандық керосинмен қамтамасыз етілмек - министр Қасымбек

3 020 просмотра


ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, бүгінде отандық мұнай өңдеу зауыттары азаматтық авиацияны керосинмен тек 30 пайызға ғана қамтамасыз етіп отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Әуе керосинінің қалған бөлігі Ресей аумағынан қымбат бағаға жеткізіледі. Себебі тасымалдау шығындары бар. Келесі жылы Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстары аяқталады. Энергетика министрлігінің мәліметіне сәйкес, сол кезде керосиннің барлығы, ол шамамен 800 мың тоннасы өз жерімізде өндіріледі», - деді Қасымбек Үкіметтің бүгінгі отырысында. 

Министрдің айтуынша, бүгінде азаматтық авиация саласындағы жолаушылар мен жүктер тасымалы артып келеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат


27 маусым 2017, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.