Атырау, 20 сәуір 12:48
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Әскери тілші

4 201 просмотра


Газеттің әдеби қызметкері Асқар Закарин, Кеңес Одағының Батыры майор Мәлік Ғабдуллин және газеттің әдеби қызметкері Дихан Әбілов «За родину» газетінің редакторы Ж. Аймұратовты Қызыл Жұлдыз ордені марапатымен құттықтайды.

Бір күні бастауыш мектепте оқып жүріп, отбасылық альбомнан әскери форма киген адамның өте ескі фотосуретін көрдім. Мен әкемнен: «Бұл кім?» деп сұрадым. Ол өзінің әкесі, менің атам екенін айтты. Мен оны танымадым, өйткені қабырғада атамның егде тартқан жастағы фотосуреттері ілініп тұратын. Сол кезде әкеме ол туралы әңгімелеуді өтіндім. Біртіндеп атам туралы біле бастадым.

Аймұратов Жолдас Тұрғалиұлы 1911 жылы Гурьев облысының Соколок поселкесінде шаруа отбасында дүниеге келген. 30-жылдардың басында және соғыс басталғанға дейін «Ембі мұнайшылары», «Ленин жолы» газеттерінде жұмыс жасады, «Социалистік құрылыс» Гурьев округтік газетінде бөлім секторының меңгерушісі және жауапты хатшы болды.

Ұлы Отан соғысы басталған кезде атамды Ақтөбе қаласына саяси жетекшілер мен майдан газеттері қызметкерлерінің курсына  жібереді. 1941 жылдың аяғында – 1942 жылдың басында Ақтөбеде 101-ші жеке атқыштар бригадасы құрылып, оның құрамында қазақ тілінде «Отан үшін» деп аталатын бригадалық майдан газетінің жауапты редакторы болып қызмет етеді.

Шайқас ауыр болып, 1942 жылы осы атқыштар бригадасы 1300-ден астам адамын жоғалтады.

1943 жылы атам 1-ші Балтық бойы майданының қазақ тіліндегі «Жауға қарсы аттан» майдандық газетінің редакторы болып тағайындалады. Ал жеңіске жеткен 1945 жылы Забайкалье-Амур әскери округінің қазақ тіліндегі «Дабыл» газетінің редакторы болып, Жапониямен болған соғысқа қатысады.

Менің атам секілді жауынгерлер туралы танымал жазушы Константин Симонов әскери тілшілер әнін жазған:

С "лейкой" и блокнотом, 

А то и с пулеметом 

Сквозь огонь и стужу мы прошли.

Выпьем за победу, За свою газету...

Ол 1946 жылдың қарашасында Кеңес Әскерінің майоры шенімен үйіне оралады. Кеудесіне 2 Қызыл жұлдыз ордені, екінші дәрежелі Отан соғысының ордені, «Германияда жеңіске жеткені үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Жапонияда жеңіске жеткені үшін» және т.б. медальдар тағылды.

Бүкіл өмір бойына атам түрлі жұмыстарда өз елінің игілігі үшін қызмет етті. Соның ішінде Гурьев баспаханасының директоры болды. 1971 жылы еңбегі сіңген демалысқа шықты, бірақ 1984 жылға дейін жұмысын жалғастыра берді. Әжем Жұмабикемен жарты ғасырдай бірге өмір сүрді. Атам 1993 жылы 92 жасында көз жұмды. Мен ол кезде әлі дүниеге келмеген едім. Брақ енді ол туралы ата-анамның әңгімелері арқылы білемін.

Айша АЙМҰРАТОВА

 Крупская атындағы мектептің 2017 жылғы түлегі

27 маусым 2017, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.