Атырау, 29 наурыз 16:36
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Басшы есімін беру дәріптеу амалына айналды", "ЕХРО-2017 төңірегіндегі жанжалды "пиар-апат" деп атады", "Жерді бермесек инвестиция келмей қала ма?", "Рақым Айыпұлы. Қытай бізге жау да, дос та емес"

1 919 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Басшы есімін беру дәріптеу амалына айналды" - Орталық Азия басшылары билікте неғұрлым ұзақ отырған сайын соғұрлым олардың атындағы нысандар саны да көбейіп келеді. Қазір үрдіске айналып кеткен бұл құбылыс СССР ыдыраған соң басталған.

"Универсиада құрбандары" - Красноярск қаласы 2019 жылы өтуі тиіс қысқы Универсиадаға дайындалып жатыр. Қалада стадиондар, шаңғы және шана жолдарын, ауруханалар салып, ескілерін жаңартып жатыр. Бірақ құрылыс орындарындағы үйлері сүрілетін адамдардың құқығын ескеретін билік көрінбейді.

"ЕХРО-2017 төңірегіндегі жанжалды "пиар-апат" деп атады" - Батыс баспасөзі осы аптада ЕХРО-2017 көрмесін сынаған Foreign Policy журналы тілшісі мен көрме ұйымдастырушылары арасындағы дауды талқылады. Бұған қоса, мультимиллионер Джейкоб Ротшильдтің Қазақстанға қатысты әзілін де еске алған.

ZHASALASH.KZ. "Тұрсын ЖҰРТБАЙ жазушы, алаштанушы ғалым: қоғамда азаматтық соғыс деңгейіндегі рухани күрес жүріп жатыр" - Ұлт – ұлы ұғым. Бұл ұғымның аясы өте кең әрі оның бірнеше формасы бар. Мәселен, империялық елдер сол елді құрап отырған, өзіне бағынышты ұлттардың бәрін біріктіріп, бір ұлт атанып отыр. Оның жарқын мысалы – Америка. Америкаға ұмтылғандардың бәрі «америкалық ұлттың қатарына кіремін, сіңісемін және Америка мүддесін қорғаймын» деп барады. Бұл қатарға тек қытай диаспорасын қосуға болмайды. Өйткені қытай ұлты қай елге барса да, ассимиляцияға түспейді.

"Генералдың ұлы әкімнің баласына неге шүйлікті?" - Шымкентте «көлікті ішіп алып айдады» деген күдікке іліккен облыстық прокуратура қызметкерінің ісі бір жарым айдан бері соттан сотқа өтіп, бітпей жатыр. Ақпарат құралдарында, әлеуметтік желіде у-шуға, дабыраға айнала бастаған іске жоғарғы соттың төрағасы Қайрат Мәми де пікір білдірді. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотына Талғат Баратбековті төраға етіп тағайындауға келген Қ.Мәми: Прокурордың ісіне қатысты сот отырысы баспасөз өкілдерінің қатысуымен заң аясында өтуі тиіс. Барлық материалдарды тағы да тыңғылықты зерттеп, осы іс бойынша шешімді заңға сәйкес шығарыңдар», – деп, бұл мәселені Т.Баратбековтің бақылауына алуды тапсырған.

INFORMBURO.KZ. "Қазақтың Құрылтайы еліміздегі саяси күшке айнала ма?" - Саясат серкелері бірінің Қауымдастыққа басшылыққа сайлануы құрылтайға деген көзқарастың өзгергенінің белгісі. Бұл Құрылтайдың саяси сахнадағы орнын өзгерте ме?

ABAI.KZ. "Жерді бермесек инвестиция келмей қала ма?" - ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық комитетінде талқыланып жатқан жер ресурстарын басқаруға қатысты заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына қатысты қоғам белсенділері мен заңгерлердің ұсынысын жалғастырып беріп отырмыз.

"Рақым Айыпұлы. Қытай бізге жау да, дос та емес" - Қазір көлеңкесінен қорқатын азаматтар көбейді. Олар маған «Қазақстанға Қытайдан қандай қауіп бар?» деген қарабайыр сұрақты  жиі қояды. Мұндай сұрақтардың өңін айналдырып «Ресейден қандай қауіп бар?» «АҚШ-тан қандай қауіп төніп тұр?» деп қоя беруге болады. Бір нәрсенің басы ашық. Қазақстан тәуелсіз, ұлттық мемлекет, сондықтан оның мәңгілік досы да, мәңгілік жауы да жоқ. Қытай да солай. Ол бізге жау да, дос та емес. Тек жаз жайлауы, қыс қыстауы тоғысып жатқан ежелгі көрші. Бүгінгі экономикалық әріптес, дипломатиялық тұрғыдан тату көрші.

365INFO.KZ. "«Долларыңа тиіспе!». Мамандар спекулянттардың бағаны әдейі ойнатып жатқанын айтты" - Мамандар қазақстандықтарға доллардың қайта арзандауын күтпей-ақ қоюға кеңес береді. Керісінше, арасында шетелдік валюта бағамы құбылып тұрғанымен, 1 АҚШ доллары 340 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін көрінеді.

QAZAQTIMES.COM. "Шетелдіктер үшін ең қымбат 10 қала" - Шетелдік Mercer компаниясы өзінің жыл сайын жасайтын шолуы аясында шетелдіктер үшін әлемдегі ең қымбат қалалардың рейтингін жариялады. Компания қымбат қалаларды анықтау кезінде шетелдіктердің қанша қаржы жұмсайтынын анықтаған. Сонымен шетелдіктердің қалтасына "ауыр" тиетін қалалар тізімі төмендегідей.  

BAQ.KZ. "Жасұлан Қыдырбаев: Бізден алынған сынамаларға да адамның қолы тиеді екен" - Өткен жыл қазақ ауыр атлетикасы үшін ауыр жыл болды. Атағымызды әлемдік деңгейде аспандатып жүрген зілтемірші чемпиондарымызды халықаралық допингке қарсы агенттік жаппай жазалады. Көпшілік бұл жағдайды әртүрлі қабылдады. Бірі халықаралық допингке қарсы агенттік пен халықаралық ауыр атлетика федерациясының айыптаумен келісетінін айтса, енді бірі бұл қазақ ауыр атлетикасына жағылған күйе мен негізсіз жала деп пікір білдірді. Бірақ, бір нәрсе анық еді. Бізде ауыр атлетика мектебі қалыптасқан және Қазақстан әлемге еңсесі биік, абыройы асқақ, ары таза чемпиондар даярлап беруге қашанда қабілетті.

AIKYN.KZ. "Қазақ әскері Сирияға жіберілмейді" - Түркияның және Ресейдің БАҚ-тарында пайда болған ақпарат – Қазақстан мен Қырғызстан әскерилерін Сирияның деэскалация аймағына жіберу туралы ұсынысты ресейлік тараптың жасағаны туралы мәлімет отандық саясаттанушылар мен сарапшылар арасында қызу талқыланып жатыр. Әсіресе, әлеу­меттік желілерде бұған наразылық танытқан жазбалардың көптігін бай­қауға болады. Бұл орайда Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ресми мәлімдеме жасап, қазақ әскерилерін Сирияға жіберу туралы келіссөздердің жүргізіліп жатпағанын жеткізді.

 




26 маусым 2017, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.