Атырау, 20 сәуір 06:38
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Исатай ауданында жылқылар өліп жатыр

6 186 просмотра

Исатай ауданының Тұщықұдық ауылдық округі аумағында орналасқан құм өресіндегі «Айбас» учаскесінде жылқылардың жұқпалы сақау (мыт) ауруынан өлген 96 жағдайы тіркелді. 

Жылқылардың өлімі жағдайы алғаш рет мамыр айының аяғында тіркелген. Облыстық ветеринариялық зертханада жүргізілген сараптама учаскедегі 234 жылқының ағзасында сақау ауруының қоздырғышы барын көрсетті. 138 жылқыға емдеу шаралары жүргізілуде.

- Сақау ауруы бұрын да кездесіп қалатын, бірақ одан өлу жағдайлары бірінші рет тіркеліп отыр. Бұл аса қауіпті ауруға жатпайды, - дейді «Исатай аудандық аумақтық инспекция» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Исламғали МАРДАШЕВ. - Аудандық әкімдіктің жанынан жұмыс тобы құрылып, «Айбас» учаскесі ветеринариялық бақылауға алынды. Жергілікті ветеринария мамандары мал иелерімен бірге ауру малдарды бірден оқшаулап, симптоматикалық емдеу шараларын жүргізуде. Дәрі-дәрмекті мал иесі өзі сатып алуы тиіс. Енді «Айбас» учаскесі аумағында Тұщықұдық аылдық округі әкімінің шешімі негізінде шектеу іс-шаралары енгізілмек.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ:
С
ақау - жылқы арасында кездесетін ауру. Малдың жемшөпке, суға тәбеті нашарлап, қызуы көтеріледі. Танауынан ірің ағады, сыртқы бездері ісінеді.     

26 маусым 2017, 12:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.