Атырау, 20 сәуір 08:45
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

""Сирияға әскер жіберудің" дүбірі бір көтеріліп басылды", "Назарбаевты культ жасау кімге керек?", "Қазір қимылдамасақ, қазақты әкелу қиын болады!..", "Шетелдік басылымдар Елордадағы ЭКСПО туралы не жазып жатыр?"

2 219 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Сотталғандарды түрмеден жалған құжатпен босатып отырған" - Тәжік прокурорлары бұрын-соңды болмаған қылмыстық істі қарап жатыр. Бұрын қорғаушы болып істеген Тура Суннатов сотталғандардың жазасын жеңілдету немесе түрмеден шығару үшін жасанды мөр басып, қол қойып отырған.

""Сирияға әскер жіберудің" дүбірі бір көтеріліп басылды" - Маусымның 22-сі кешкісін Ресейдің Қазақстанға "Сирияға әскер жіберу туралы ұсыныс жасағаны" жөнінде ақпараттар тарап, ол әлеуметтік желіде қазақстандықтардың қызу талқылауына ұласқан еді. Маусымның 23-і сыртқы істер министрлігі "Қазақстанның Сирияға әскер жіберу бойынша ешкіммен келіссөз жүргізіп жатпағанын" ресми хабарлады.

"Трансплантация дауында қарсы тараптар түрлі кодекстерге сүйенеді" - Ақтөбеде жазатайым қаза тапқан азаматтың бүйректерін басқа науқастарға ауыстырып салу дауы тоқтамай тұр. Сотқа ұласқан дау Ақтөбе өңірі бас хирургі Сұлтангереевтің «туыстары мәйіттің ішкі ағзаларын алуға рұқсат етті» деген сөзінен шығып, ағайындар біріне-бірі күмәнмен қарай бастаған. Бас хирург қатесін «мойындаудан қашпайтынын» айтады. Ал маусымның 21-і күні бұл дауға бұрынғы министр, бас трансплантолог Досқалиев араласты.

ZHASALASH.KZ. "Назарбаевты культ жасау кімге керек?" - Үкіметтің қаулысымен Астана халықаралық әуежайы президент Н.Назарбаевтың атына берілді. Бұл жаңалыққа ата-бабасы тіріліп келгендей қуанған шенді-шекпенділер құттықтау айтудан жарысқа түсіп, бөріктерін аспанға атып жатыр.

"Студенттер қолымен от көсеп, доқ көрсетіп жатыр ма?" - Орта медициналық мамандарды тәрбиелеп отырған, 81 жылдық тарихы бар Жамбыл медициналық колледжінде соңғы күндері талас-тартыс күшейіп, қос тараптың арасындағы дау-жанжал «Екі түйе сүйкенсе, ортасында шыбын өледінің» кебіне келіп тұр. Жамбыл медициналық колледжін 10 жыл мерзімге сатып алу мүмкіндігімен сенімгерлік басқаруға алған «Даримет» серіктестігі ұжымды ұлардай шулатып қойғанына қарамастан, енді білімгерлер қолымен от көсеп, доқ көрсетіп жатқандай.

INFORMBURO.KZ. "Астананың елес кезген жерлері" - Кез келген елді мекенде тылсым құпияға толы, жұмбағы көп орындар кездеседі. Олар жайлы алып-қашпа әңгімелер көп.

ABAI.KZ. "Қазір қимылдамасақ, қазақты әкелу қиын болады!.." - 1960-жылдардың ортасында тәуелсіздік алған Алжирдегі 6 млн.француз отаршыларының жағдайы қиындай түсті. Сол кезде президент Шарль де Голль іскер, білімді, ұлтшыл кадрларының біріне (аты-жөні есме түспей тұр) 2 жылдың ішінде 6 млн.французды көшіріп әкелу, жұмыс және баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасын жасауды тапсырады. Бағдарлама жасап әкелген жігіт өзін премьер-министрдің орынбасары етіп тағайындауын және оның баспана мен көлік сұраған өтініштері тоқтаусыз шешілетін болуын талап етеді. Де Голль оның сұраған бар құзыретін береді. 2 жыл емес, тура 1,5 жыл өткенде вице-премьер «тапсырмаңыз орындалды, мені қызметтен босатуыңызды өтінем» деп рапорт береді…

"Шетелдік басылымдар Елордадағы ЭКСПО туралы не жазып жатыр?" - 2017 жылдың басты оқиғасы сөзсіз «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі.  Халықаралық шараның шымылдығы ашылғанына да көп бола қойған жоқ. Дегенмен екі апта көлемінде көрмеге 205 мыңнан астам қонақ келіп үлгерді. «Жас Қазақ» газеті солай деп жазады.

365INFO.KZ. "«Ол — таза алаяқ». Кәсіби маман емші бала Ербосынның өтірігін шығарды" - Қамшымен емдейтін Аралдағы Ербосынның ғаламтордағы толып жүрген видеоларын көріп шыққан маман оны «кәсіби алаяқ» деп атады.

"«Парижде Шоқаймен кездескен». Әміре Қашаубаевтың тағдыры қалай аяқталды?" - Сіз білесіз бе? Қазақтың аты аңызға айналған әншісі Әміре Қашаубаев 1925 жылы Парижде өткен ЭКСПО көрмесіне Қазақстан тарихында бірінші болып қатысты. Иә, ол кезде біз бодан едік. Бірақ, бұдан ол шараның тарихи маңыздылығы кеміп қалмайды.

QAZAQTIMES.COM. "Қазақстанға көршілес елдердің әскери қуаты (4) – Өзбекстан" - Өзбекстан Республикасы – Орталық-Азия елдерінің бірі. Қазақстанның оңтүстік көршісі. Елімізге Маңғыстау, Қызылорда, ОҚО, Жамбыл облыстары арқылы шекараласады. Құрамында бір автономиялы республика (Қарақалпақстан) және 12 облыс бар. Ресми деректер бойынша халық саны 31,1 млн адам. Халық санының орта есеппен жылдық өсім мөлшері 1,7 пайыз. Яғни, жылына шамамен 459 мың адамға көбейеді. Халықтың орташа ұзақ жасы 64 жасты құрайды. Өзбектер жалпы республика халық санының 75 пайызын ұстайды. Орыстар 7,4 пайыз, тәжіктер 4,7 пайызын, ал, қазақ ұлты 4,1 пайызын иелейді.  

23 маусым 2017, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.