Атырау, 26 сәуір 01:40
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Біз де жас болғанбыз...

2 950 просмотра

20 маусым күні Тұрғындар қалашығындағы орталық саябақта Атырау қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ретро концерт өтті.   

Әуендердің дауысын әріден естіген қала тұрғындары көптеп жиналды. Жас әншілердің шырқаған ретро әндеріне көрермендер де еріксіз қосылып, ортаны би алаңына айналдырды.  

Ұйымдастырушылар жиналғандар арасында ретро әндерінің әуендерінен жұмбақ жасырып, ойындар ұйымдастырып жеңімпаздарға сыйлықтар жасады. Қысқасы, кеш көңілді өтті. Оған қоса, көрермендер ретінде кешке Қарттар үйінің тұрғындары да шақырылды.

- Мен ескі әндердің шырқалып жатқанын арғы көшеде жүріп естідім. Жаныма жақын тартқан соң саябақ ішмен жүре кетуді жөн көрдім. Сағат жарым уақытым қалай өтіп кеткенін білмеймін. Өте жақсы болды. Осындай шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса, - дейді Атырау қаласының тұрғыны Людмила КОВКАЧ (суретте)

Шарадан кейін көрермендер әсем кештен естелік ретінде #zhasortaretro, #Әсемсаз, #Көңілдікеш деген хэштегтермен суретке түсіп тарқасты.

Ердос ҚАСЫМ

Суреттерді түсірген автор

22 маусым 2017, 16:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.