Атырау, 25 сәуір 04:37
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Мұнай бағасының арзандауының 5 себебі", "Қытайдағы қазақтарға қысым жасалып жатыр. Қытайтанушы солай дейді", "Макс Боқаевтың түрмеде аштық жариялағанына екінші аптаға ұласты", "Абаевтің есебі һәм ақпарат саласында қандай өзгерістер болады?"

1 843 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Макс Боқаевтың түрмеде аштық жариялағанына екінші аптаға ұласты" - Атыраудағы "жер шеруіне" қатысқаны үшін сотталған белсенді Макс Боқаевтың Петропавл түрмесінде аштық жариялап жатқанына 13 күн болды деп хабарлады туысы. Тұтқын жазасын өтеу орны туралы сот шешімінің орындалмағанына наразы. Түрме басшылығы "Боқаевтың жағдайы қанағаттанарлық" деумен шектелді.

"Діндар анасы емдеуге қарсы болған ВИЧ баланың жағдайы қиын" - Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ жұқтырған 9 баланың ата-анасы әрқандай себеппен ем қабылдаудан бас тартып отыр. «Балаларды СПИД-тен қорғау» қоры мен кей ата-аналар арасында осы себеппен тартыс басталған. Қоғамдық қор 14 жасар бір балаға «өлім қаупі төніп тұрғанын» айтып, әкімдік пен прокуратурадан араша сұрайды. Ал балаларын емдетуге қарсы ата-аналардың көбі тілшімен тілдесуге көнбеді.

"Шыңжаңда "ұйғырлармен араласқан" қазақтарды қамаған" - Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданында "мұсылман ұйғырлармен жақын қарым-қатынаста болған" оншақты этникалық қазақ тұтқындалғаны туралы "Азат Азия радиосы" хабарлады. Қытай билігі бұл мәселе жөнінде сауалдарға жауап бермейді.

ZHASALASH.KZ. "Шымкенттік шенеуніктердің шеке бастары неге тырысады?" - Президенттің тапсырмасымен жасалған «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында үкімет әрбір қазақстандыққа 10 сотық жер телімін береміз деп жұртты емексітіп тастағаны рас. Бірақ миллион халқы бар Шымкентте шенеуніктердің ойына жер беру кіріп те шықпайтын тәрізді. 

INFORMBURO.KZ. "Қазақстандықтар Интернет саудаға сенбейді" - Интернет дүкендер уақытты үнемдеуге орасан зор мүмкіндік береді. Бірақ бүгін бізде оған сенім аз. Қазақстандықтар тауарды өз көзімен көрмейінше, сатып алмайды.

ABAI.KZ. "Қытайдағы қазақтарға қысым жасалып жатыр. Қытайтанушы солай дейді" - Өткен аптадан бері Қытайдағы қандастарымызға қысым жасалып жатыр деген әңгіме әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

"Абаевтің есебі һәм ақпарат саласында қандай өзгерістер болады?" - Неше ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің жасап жатқан істерін қортындылап, есеп берді. Сол есеп беру барысында не айтылды?. Жалпы, еліміздегі ақпарат саласының бүгінгі даму қарқыны қандай? Министрліктің жасап жатқан шаруаларының нәтижелері, елімізде іске асырылған реформалар, әлеуметтік-экономикалық даму, Министрліктің Стратегиялық жоспарының негізгі көрсеткіштері қай деңгейде? 

365INFO.KZ. "«Димаш, сен білесің бе?». Көрермендер түсіндіре алмаған құбылыстың құпиясы ашылды" - Димаш бүкіл әлем үшін таңғажайып құбылыс болды. Өйткені оның әнін бір рет тыңдаған адам оған жан-тәнімен берілген адал көрерменге айналып шыға келеді. Бұл біреулерді қуантса, тағы біреулердің ішіне шоқ боп түсіп, қатты қынжылтады.

QAZAQTIMES.COM. "Қадірі қашқан қауымдастық қазақ мүддесін қалай қорғамақ?" - Ертең маусымның 22-25 күндері аралығында Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесімен қатарласа Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылтайы өтеді. Бұл құрылтай өз тарихында 1992 жылдан бері бесінші рет өткелі тұр. Құрылтай бес жыл сайын өткенмен бүгінге қысқаша есеп беретін уақыт келген сияқты. Осыған байланысты бүгін біз Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарына қысқаша тоқталуды жөн көрдік. 

"Мұнай бағасының арзандауының 5 себебі" - Кеше мұнай бағасы 45 доллардан төмен түсті. Енді ОПЕК пен оған мүше емес елдердің "мұнай көлемін қысқарту арқылы бағаны тұрақтандырамыз" деген мақсаты орындалмайтын сияқты. Wall Street Jornal-дың мәліметінше, мұнай бағасының арзандауының басты 5 себебі бар.  

22 маусым 2017, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.