Атырау, 29 наурыз 02:45
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Порошенко: АҚШ-пен қорғаныс саласында келісім жасалады

2 106 просмотра


Украина президенті Петр Порошенко Вашингтонда Киевтің Ақ үймен АҚШ президенті әкімшілігі өкілдерінің "таяу уақытта" Украинаға сапар жасауын және қорғаныс саласында "өте маңызды" келісімге қол қоюға келіскенін мәлімдеді.

21 маусымда Пентагонда өткен келіссөзден соң Порошенко АҚШ қорғаныс министрі Джим Мэттис пен вице-президент Майк Пенс өзіне Трамп әкімшілігінің ықпалды қызметкерлері алдағы екі-үш айда Киевке баратынын хабарлағанын айтты. "Маңызды келісімге, соның ішінде қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы, қару-жарақ сатып алу туралы және әскери-техникалық саладағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылады" деді Порошенко.

Дереккөз: Азаттық

22 маусым 2017, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.