Атырау, 18 сәуір 08:50
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Қылмыстар хроникасы

3 290 просмотра


Қалалық криминалдық полиция қызметкерлері қала маңындағы Водников, Тасқала, Ширина, Құрсай, Өркен, Сарықамыс ауылдарында ұрлық жасаған 21-30 жас аралығындағы 4 пәтер ұрысынан құралған топты ұстады. Олар коттедждерге 1-қабаттың пластик терезелерін ығыстырып кіріп, негізінен зергерлік бұйымдарды қолды қылып отырған. Күдіктілердің мекен-жайы бойынша 20 заттай айғақтар – зергерлік бұйымдар мен ұялы телефон алынды.

***

Сот лаңкестікке қарсы қорғауды қамтамасыз ету міндеттемесін орындамағаны үшін қаладағы №7, 14 және 31 мектептің директорларына айыппұл салды. Мектептегі бейнебақылау жүйелерінде жазбаларды 30 күнге дейін сақтауды қарастыратын ақпарат жинағыштар жоқ болған, ал оқу орындарының қызметкерлерімен оқу-алдын алу сабақтары өткізілмеген.

***

Құрманғазы аудандық соты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 440-бабының 5-тармағы («Әлденеше рет қоғамдық орындарға масаң күйде келу») бойынша шешім шығарды. Полицейлер Манаев көшесінде, хаттамада көрсетілгендей, «қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйдегі» Ганюшкин ауылының тұрғынын ұстады. Бұл әрекетті қайталағаны үшін 5 тәулікке қамауға алынуға тиіс. Алайда сот асырауында кәмелетке толмаған екі бала бар екенін ескеріп, 34 035 теңге мөлшерінде айыппұл салды. 

***

Атырау қалалық әкімшілік сотында нөмірі жоқ «Орал» мотоциклімен Дамбы поселкесінде мас күйде ұсталған ер адамға қатысты әкімшілік істі қарады. «Байкерді» 20 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.

21 маусым 2017, 19:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.