Атырау, 19 сәуір 17:03
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Жаңалықтар беттерінде жарияланған жарнамалар

2 038 просмотра


Журналистер күніне арналған спорттық сайыстар

Үстел теннисінен жеке біріншілік – сенбі күні, 24 маусымда «Мұнайшы» орталық спорт кешенінде, сағат 10.00-де қатысушыларды тіркеу басталады. Сайыс ерлер мен әйелдер арасында бөлек өтеді.

Бильярдтан жеке біріншілік – сенбі күні, 24 маусым, қатысушыларды тіркеу сағат 15.00-де Махамбет Өтемісов көшесі, 32а, «Инфинити» бильярд клубында (Баймұханов көшесіне жетпей, оң жақ бетте). Сайыс «Мәскеулік (біріктірілген) пирамида» ережесіне сәйкес өтеді. 

Ерлер командасы арасында мини-футболдан турнир – жексенбі, 25 маусым, командаларды тіркеу сағат 10.00-де  «Мұнайшы» орталық спорт кешені (жабық зал)

Аралас командалар арасында волейболдан турнир – жексенбі, 25 маусым, командаларды тіркеу сағат 12.00-де  «Мұнайшы» орталық спорт кешені (жабық зал)

Арқан тарту, армрестлинг, кір тасын көтеру сайыстары – жексенбі, 25 маусым күні футбол мен волейбол ойындарының арасындағы үзілістерде өткізіледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! БАҚ және баспасөз қызметтері өкілдерінің өтініштеріне орай жеке және командалық жарыстарға жазылу мерзімі  22 маусым сағат 18.00-ге дейін ұзартылды. Жарысқа қажетті құралдар (теннис ракеткалары мен доптар) дайын болады. Сайыс жеңімпаздары 28 маусым күні сағат 15.00-де Дина Нұрпейісова атындағы мұнайшылар мәдениет сарайында өтетін жиында марапатталады. 

Барлық әріптестерді белсенділік танытып, кәсіби мерекеге арналған спорттық шараларға қатысуға және көрермен немесе жанкүйер болуға шақырамын!

Қатысушыларды тіркеу және қосымша ақпарат алу үшін байланыс тел.: 32-40-63, 8701-777-8395, мекенжай: Азаттық даңғылы, 48, «Премьер-Атырау» Бизнес орталығы ғимараты, 4-қабат, 404-кабинет. 

Атырау облысы бойынша Қазақстан Журналистер одағының өкілі Алма Қалусариева

***


22 маусым 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.