Атырау, 20 сәуір 06:56
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

"Назарбаев әуежайы. Кім ұсынды? Неге ұсынды?", "Қытай қаупі мен қазақ үрейі турасында", "Кемсітуге ұшыраған әйел құқығы қалай қорғалады?", "Псевдосалафизмнің сыртқы келбеті"

2 640 просмотра

ZHASALASH.KZ. "«Сенімді ақтамай отырсыз, Асқар Исабекұлы...»" - Қазір ауыл шаруашылығы саласындағы реформалардың көптігінен аяқ алып жүре алмайсыз. Әйтеуір, бастама көп, «өйтейік те, бүйтейік... шетелде былай екен, сол тәжірибені біздің елге де әкелсек бәріміз қарық болар едік» деген белсенушілік көп. Әрине, осы саланы қайтсем дамытамын деген ниет дұрыс шығар. Бірақ қазақтың алтын бесігі – ауылдың жағдайы бәз-баяғы. Неге екені белгісіз, ауыл шаруашылығына байланысты жобалардың жолы тым ауыр.

"Қытай қаупі мен қазақ үрейі турасында" - Бүгінгі күні қазақтың мазасын қашырып, үрейін тудырып отырған мәселенің бірі – Қытай. Сонау Ғұн патшалықтары, Түркі қағанаты дәуіріндегі текетірес пен шайқастардан басталып, Сүлеймен Бақырғани кезінде «ақырзаман боларда қара қытай қаптайды» концепциясына айналған осы үрей уақыт өте сейілер емес. Керісінше, ұрпақ қуалайтын, қанға сіңген инстинкттік, бейсаналық дәрежедегі үрейге айналып барады. Қытайдың бүгінгі үкіметі жариялаған геосаяси және геоэкономикалық бастамалары, «Жібек жолын жаңғырту» жоспарлары, елімізге қытайлық бизнестің көптеп келуі, 51 жаңа кәсіпорын ашу жобалары осы үрей мен қауіпті тек күшейтіп, синофобияның (Қытайдан қорқу, Қытайды жек көру) жаңа толқынын тудырып отырғаны хақ.

AZATTYQ.ORG. "Кемсітуге ұшыраған әйел құқығы қалай қорғалады?" - Қазақстанда кемсітуге ұшыраған әйелдерге қандай көмек көрсетіледі? Ондай жағдайға тап болғандар өз құқықтарын қалай қорғауды біле ме? AzattyqLIVE тақырыпты адам құқығын қорғау бюросының Қостанайдағы филиалының жетекшісі Анастасия Миллермен талқылады.

"Слесарь-құрастырушыдан Астананың «ашық әкіміне» айналу" - Жергілікті БАҚ бір жыл бұрын тағайындалған Астана әкімі Әсет Исекешевті қала проблемаларын Facebook желісі арқылы қадағалап, шешіп отыратын шенеунік деп атайды. Бірақ Қазақстанның жаңа астанасының әлеуметтік проблемаларының көбі әзірше шешілмей келеді.

INFORMBURO.KZ. "Грантқа тапсырған түлектердің 80 пайызы сүйікті мамандығын таңдай алмайды" - Ата-ана үшін де, түлекке де маңыздысы – тегін грантқа түсу. Көңілі қалаған мамандыққа қолы жетпеген адамның болашақта жұмыс істеуге құлқы төмен болады.

ABAI.KZ. "Псевдосалафизмнің сыртқы келбеті" - Әлем елдерінің назарын аударып отырған салафилік идеологияның салқыны ел ішін жайлап, дәстүрлі діни танымымызға қайшы келетін түсініктерімен қоғамда іріткі салып жүр. Салафилік идеологияның ұлттық құндылықтар мен мәдени-діни танымды бұзуға бағытталған әрекеттеріне қарамастан кейбір азаматтарымыз осы ағымның жетегіне еріп, солардың сенімдерін исламның шынайы қағидаттары ретінде қабылдауда.

"Назарбаев әуежайы. Кім ұсынды? Неге ұсынды?" - Астана халықаралық әуежайы енді елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталатын болды. ҚР Үкіметінің  Қаулысы бүгін  БАҚ-та жария болды.

365INFO.KZ. "«Солай екен!». Қазақтардың Баян Есентаеваның тағдырына неге алаңдай беретінінің мәні белгілі болды" - Саясаттанушы Айдос Сарым әлеуметтік желідегі қауымның Баян Есентаеваның басындағы жағдайды талқылауға әуес боп тұруының құпиясын ашты.

SPUTNIKNEWS.KZ. "Қазақстан криптовалютаға өтуі тиіс пе – сарапшылар пікірі" - Экономист Арман Байғанов криптовалютаның Қазақстандағы маңызы мен оның елімізге қажеттілігі туралы пікірімен бөлісті.

"Шайкенов: мен ойлап тапқан жаңа жел қондырғысын Қазақстанда шығаруға мүмкіндік жоқ" - Қазақстандық ғалым жел энергиясын еселеп арттыратын жаңа қондырғы ойлап тапты. Құрылғы "ЭКСПО" көрмесіндегі үздік тәжірибелер алаңына қойылған.

AIKYN.KZ. "Кольдың кереметтері" - 87 жеті жасқа қараған шағында жұма күні кешкілік Германияның бұрынғы канцлері Гельмут Коль дүниеден өтті. Қазіргі Ангела Меркельдің жақтасы әрі партияласы «Христиан-демократиялық Одағы» партиясын 1973 жылдан 1998 жылға дейін басқарған, аты аңызға айналған  Коль да көз жұмды. Өмірінің кейінгі жылдары мүгедектің арбасында отырып, жүріп- тұруы қиындаған саясаткер туралы халықаралық саясатта жылы лебіздер айтылып жатыр. 1982 жылдан 1998 жылға дейін Германияның канцлері болып, елді қатарынан 16 жыл басқарған, неміс мүддесі үшін жұмыс істеген қайраткер шалмен  халық көзіне жас алып, қоштасып жатыр. Неміс халқының бірлігі үшін аянбай тер төккен ФРГ мен ГДР мемлекетінің қосылуына барынша ықпал еткен Гельмут Кольдің саясаттағы керемет табысын сөзбен айтып жеткізу қиын. Халықаралық саясат танымал тұлғаны қашан да таниды әрі бағалайды.

21 маусым 2017, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.