Атырау, 19 сәуір 14:57
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Түркия өкілі: Кейбір күштер Катар дағдарысынан пайдаланып жасанды шеп құрмақ

1 889 просмотра

Ибраһим Калын. Фото: Gursesintour.com.
Түркияның Стамбул қаласында, Түркия Президент аппаратының баспасөз мәлімдемешісі араб елдері журналистерінің баспасөз конференциясын басқарып ашты. Ол мәжілісте кейбір күштердің Катар дағдарысынан пайдаланып өңірде Сүрия соғысы және Ирактан басталған шеп қалыптастыруға тырысып жатқанын айтып өтті.

Бұл туралы «Анатолы» ақпарат агенттігінің ресми сайты жазды. Түркия Президент аппаратының  баспасөз мәлімдемешісі Ибраһим Калын сөзінде: «Кейбір күштер, анығында өңірдің аласапырандығына мүдделі болып отырған күштер, Катар дағдарысы арқылы Шығанақ өңірінде жасанды жаңа шеп қалыптастыруға үміткер. Алайда, өңірдегі елдер бұл жасанды шепті қабылдамауы керек», – деді. 

Араб елдері журналистері Калыннан Түркия әскерлерінің Катарға барып жатқаны туралы көбірек сұраулар қойды. Бұл сұрақтарға Ибраһим Калын: «Түркия жақ ешбір елге теріс ықпал тудыруды көздемейді. Бұл әрекеттер Түркия мен Катар арасындағы екіжақты келісімдердің нәтижесінде орындалып отыр. Шығанақ елдерінде өнеркәсіп әскери қорғанысты қажет етеді, әрі екі ел бірлескен әскери жаттығулар келісімі бар» деп жауап берді. 

Калын сөз соңында Орта-Шығыстағы көптеген қайшылықтар осы өңірдің мол байлығына деген жаман пиғылдардан туындап отырғанын айтып өтті.

Дереккөз: qazaqtimes.com


21 маусым 2017, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.