Атырау, 29 наурыз 03:07
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Сиқы қашқан аялдамалар

Сурет
3 201 просмотра

Бір жыл бұрын «АЖ» соңғы аялдамалардың жолаушылар көлігінің қызметкерлері – жүргізушілер, кондукторлар мен диспетчерлер үшін демалуға бейімсіз екені туралы хабарлаған еді. Содан бері ештеңе өзгерген жоқ.

…«Дина» ауданындағы аялдамада қызметкерлер кішкентай сәкілерді паналайды. Тамақтары салынған сөмкелер, қолдан жасалған үстелдер мен орындықтары да осы жерде. Түскі үзіліс кезінде демалу үшін жағдай жоқ, тамақты ысытып алу мүмкін емес. Түзге отыру үшін автовокзал ғимаратына жүгіріп баруға тура келеді.



Ал Балықшыдағы соңғы аялдамада адамдар картон қораптан демалыс бөлмесін жасап алған. Орын жетпегендеріне сәкіге отыруға тура келеді. Тамақ ысытатын жер болмаса да, сол жерде түстенеді. Дәретхана бар, бірақ өте алыс жерде. Үзілісте жүргізушілер түстеніп үлгерместен жүгіріп жүреді, содан соң шайларын рөлде отырып ішеді.



Көліктегі еңбек заңы бойынша жуыну бөлмесі, гардероб және дәретхана автокөлік кәсіпорнының ғимаратында жабдықталуы тиіс. Ал аялдамаларға қатысты ештеңе айтылмаған. Бірақ жұмыс күні ұзақ, ал көлік кәсіпорнының жүргізушілері мен кондукторлары тек күніне екі рет – таңертең және кешке болады. Басқа қалаларда қызметкерлер сот арқылы соңғы аялдамаларда дәретхананың болуына қол жеткізген. Алайда біздің кондукторлар мен жүргізушілер сотқа бермек түгілі, осы жағдайға комментарий беруге де қорқады.

Владимирский көшесіндегі тағы бір аялдама әскери фильмнен алынған кадр секілді: жартылай қираған, әр жері шұрқ-тесік. Күнқағары опырылып, шыны қабырғалары шытынап тұр.

Мұндай көріністі бүкіл Атыраудан байқауға болады. Қалалық билік шара ала ма?

- Иә, осындай проблема бар, - деп келісті қалалық ТКШ бөлімі көлік секторының бас маманы Қуантай ҚАЛМАН. Ескірген аялдамаларды жөндеуге тендер жариялау жоспарланып отыр. Жұмыстар шамамен күздің басында басталады.

Анастасия АЛЮШИНА

Суретті түсірген автор

20 маусым 2017, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.