Атырау, 19 сәуір 19:38
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

АҚШ Оңтүстік Кореяға "В-1В" бомбылаушы ұшақтарын жіберді

2 461 просмотра


АҚШ өзінің екі бірдей В-1В бомбылаушы ұшағын  Оңтүстік Кореяға жіберді деп хабарлайды Ренхап ақпарат агенттігі.

Ренхап агенттігінің мәліметінше, В-1В және F-15K ұшақтары Оңтүстік Корея әскери әуе күштерімен бірігіп оқу-жаттығу жұмыстарын өткізбек.

АҚШ-тың В-1В бомбылаушы ұшағы өз бортында ядролық зымырандарды алып жүруге қауқарлы. 

Оңтүстік Корея саясаттанушыларының айтуынша, АҚШ, Корей түбегіндегі әскери күшін Солтүстік Корея зымыран сынақтарын тоқтатқанда ғана азайтатын болады. Бірақ ресми Пиоңяң (Пхеньян) алдағы уақытта өзінің ядролық әлеуетін арттыратынын мәлімдеген еді.

Дереккөз:  qazaqtimes.com 


20 маусым 2017, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.