Атырау, 24 сәуір 19:55
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

"Орталық Азияда "сарай балалары" өсіп жетілді", "Азаптауды тоқтату амалдарын ұсынады", "Қазақтың жері мен адамы Ресейдің мүлкі ме?", "Адам өмірінің құны: Шығыста басқа, Батыста басқа", "Қазақстандағы Кремльдің агенттері"

2 309 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Азаптауды тоқтату амалдарын ұсынады" - Қазақстанда заң бұзу күдігіне ілінген адам полиция күш қолданған сәттен бастап азаптау әрекеттеріне тап болуы мүмкін. Құқық қорғаушылар түрме басшылығы әдетте «екі жақтың келісімімен болған секс» деп көрсетуге тырысатын тұтқын әйелдерді зорлауды да азаптау деп тану керек дейді.

"ШЫҰ, ЕХРО және қаңыраған көрме" - Шетел баспасөзінде бұл аптада бәсекелес елдер - Үндістан мен Пәкістанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына қабылданғаны және Астанадағы ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін көруге жұрттың ықыласы аз екені жайлы комментарийлер беріліпті.

"Орталық Азияда "сарай балалары" өсіп жетілді" - Орталық Азияда ел басшылары балаларының лауазымды қызметте ғана емес, шен-дәреже және ғылыми атақ жағынан да тезірек өсіп келе жатқаны байқалады.

ZHASALASH.KZ. "ЭКСПО келіп, Астанада азық-түлік қымбаттап жатыр" - «Өзім аштан өлейін деп жүргенде балама тіс шығып бәле болды...» демекші, ЭКСПО көрмесінің әлегімен бірге Астанаға қымбатшылық қамыты қатар жетті. Қонақүй, жалдамалы пәтер мен қызмет көрсету құны ғана емес, азық-түлік бағасы күтпеген жерден бірнеше есеге қымбаттап шыға келді. Бірнеше күннен бері Астана тұрғындары мен қонақтары картоптың әр келісін 300-320 теңгеден сатып алып жатыр. Ең сорақысы, бұл бағалар күннен-күнге көтеріліп барады.

INFORMBURO.KZ. "Тәңір – қазақтың құдайы ма, әлде ескі дәуір тарихы ма?" - "Тәңіршілдік және Еуразия халықтарының эпикалық мұрасы: шығу тегі және қазіргі заман" атты VI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциядан кейінгі ойталқы.

ABAI.KZ. "Қазақтың жері мен адамы Ресейдің мүлкі ме?" - Ресей Үкіметі Жезқазғанға құлаған зымыранның зардаптары үшін өтемақы төлемейтін болыпты. Астана арнасы таратқан ақпарға сенсек, Байқоңырдан ұшырылған зымыранның зарары үшін Роскосмос Қазақстан Үкіметіне соқыр тиын да төлемейді екен.

"Қазақстандағы Кремльдің агенттері" - Қазақ елінде Кремльдің ықпалындағы агенттердің атқарып жатқан жұмыстары мыналар.

QAZAQTIMES.COM. "Балташ Тұрсымбаев: Шетел асып кеткен саясаткерлер жуыр маңда ел ісіне араласа алмайды" - Біз ШЫҰ-ның белсенді мүшесінің біріміз. Бұл ұйымда біздің президентіміз айтқанындай әлемнің жарты халқы бар. Оның ішінде төртеуі ядролық қарумен қаруланған. Осы ұйымның бізге берері не? 

TURKYSTAN.KZ. "Адам өмірінің құны: Шығыста басқа, Батыста басқа" - Соңғы бір айдың ішінде әлемнің түкпір-түкпірінде бірнеше лаңкестік шабуыл жасалды. Батыстан да, Шығыстан да тыныштық кетті: дүниенің екі бұрышында да кісі өлімі. Алайда бірінің қайғысына ұлардай шулаған жұрт екіншісінің тәлкекке түскен тағдырына неге көз жұма қарайды? Батыста бір адам көз жұмса, байбалам салатын халықаралық БАҚ Шығыста жүз кісі өлсе неге ерін жыбырлатуға ерінеді? Әлде адам қанының құны әр жақта әр түрлі өлшене ме?

"Түпсіз көкте адасқан жер серігі" - Өткен аптада Мәжілісте өткен үкімет сағатында Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов есеп берді. Еліміздің ғарыштық жобаларының табысы қандай, ақсаған тұсы қайсы? Ғарыштық державаға айналуды көздеген Қазақстанның жолында қандай кедергілер бар? Отандық аэроғарыш өнеркәсібін дамыту үшін не істеу керек? Осы сауалдарға жауап берген ведомство басшысының есебінен соң көкейде тағы бірқатар сұрақ көлбеңдеді. Жауабын іздедік…

BAQ.KZ. "ҰБТ жауаптарын сатып алғандар төмен баға алып қалуы мүмкін – Ұлттық тестілеу орталығы" - «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу бұған дейінгі жылдардағыдан басқаша болғалы тұр. Министр Ерлан Сағадиев ішінара өзгертулер жасау арқылы ҰБТ-ның форматын жаңа жобаға айналдырғысы келетін сияқты. Бұрын мектеп бітіруші түлектер тек ҰБТ тапсырып, соның нәтижесінде аттестат алып, оқуға түсу мүмкіндігін шешетін болса, енді мемлекеттік қорытынды аттестация мен ұлттық тестілеудің ара-жігі ажыратылды. Сондай-ақ, түлектер тестілеу кезінде екі бірдей пән таңдап, тапсыра алады. Сонда бас-аяғы бес пән бойынша сұрақтарға жауап беріп, оқу грантын жеңіп алуға тырысады.

365INFO.KZ. "«Алғаш рет Гарлемда қолданды». Сүлейменов ҰБТ-ның сорақы тұстарын айтты" - Олжас Омарұлының пікірлері қоғамда қызу пікірталас туғызатын әдеті бар. Әдетте қазақтілді және орыстілді аудитория Сүлейменовтің пікіріне келгенде қақ жарылады. Бұл да жаман. 



19 маусым 2017, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.