Атырау, 19 сәуір 10:21
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

"ЭКСПОнат", "«Серпіннің» көп түлегі ауылдарына қайтқанды жөн көрген", "Құрылтай қытайдағы қандастар жағдайына назар аударсын", "Мемлекеттік тіл: Талай елде талап қатал", "Путин Украинаны "гей жайлаған Еуропадан" сақтандырды"

2 634 просмотра

AZATTYQ.ORG. "«Серпіннің» көп түлегі ауылдарына қайтқанды жөн көрген" - «Серпін» бағдарламасы бойынша өзге аймаққа барған оңтүстік жастарының некен-саяғы ғана оқу бітірген өңірінде қалады. Ал бағдарламаны ұйымдастырушылар «ешкімнің еліне қайтып жатпағанын» айтады.

"Путин Украинаны "гей жайлаған Еуропадан" сақтандырды" - Халық сауалына тікелей желіде жауап берген Ресей президенті Владимир Путин Еуропа Одағымен арасы жақындай түскен Украинаның басшысы Петр Порошенкоға қарата: "ол жақта гей көп, абай бол" деп ескерту айтты.

ZHASALASH.KZ. "Қазір жаз, ет аз..." - Еттің құнын ауызға алудан қорқасың. Семіз сиыр еті 1700-1800 теңге тұрады. 50 мың теңге зейнетақыммен қалай өмір сүремін? 1961 жылы Қазақстанға көшіп келгенімде бәрі бар еді. Дүкендерде әрі арзан, әрі дәмді ет самсап тұратын. Қазір бәрін құртты. Мал да жоқ, сүт-қаймақ, май да жоқ».

"ЭКСПОнат" - «Көппен көрген ұлы той» деп көрмеге тым қатты тиіспеуге де болатын еді. Бірақ «көңіл қазы, көз таразы». Осы жұрт ЭКСПО-ны неге жақтырмайды? Былай қарасаң, еліміз төрткіл дүниеге танылып жатыр. «Жасыл экономика» секілді ұраны да көңілге қонымды. Беделді-беделді мемлекет басшылары қатысқан ашылу салтанаты да жаман өтпеген сияқты. Оны «Қазақстан» ұлттық телеарнасы тікелей эфирде әп-әдемі көрсетті. «Жыртылмағанда, қашан жыртыламыз енді?» демей ме осындайда?!

INFORMBURO.KZ. "АҚШ-та Қазақстанның дипломымен де жұмыс істеуге болады (соңы)" - АҚШ-қа ағылшын тілін білмей барған қазақ баласының жетістігі ауыз толтырып айтарлық. Ол жаңа құрлықта үйренгендерін "ат басындай алтынға айырбастамаймын" дейді.

ABAI.KZ. "Зымыран құлап кісі өлді. СІМ неге үнсіз?" - Тағы да зымыран құлады. Тағы да зымыран зардабын қара халық тартуға мәжбүр. Қазақстанның Қарағанды облысының Жезқазған қаласынан батысқа қарай 50 километр қашықтықта ресейлік "Союз-2.1а" зымыран тасығышының бөлшектері шашылып қалған. Осының салдарынан кісі өлімі орын алған.

"Құрылтай қытайдағы қандастар жағдайына назар аударсын" - Қазіргі өркениетті әлемдік қауымдастық дүниежүзінде ғұмыр кешіп жатқан халықтарды аз-көптігіне, шығу түп-төркіне, әлеуметтік мәртебесіне қарап бөлмейді. Нәсілшілдік, зорлық-зомбылық, геноцид секілді кереғар әрекеттер өткен ғасырлар қойнауында тарих болып қалғалы қашан. Адам құқтары жөніндегі жалпыға ортақ конвенцияға қосылған әр мемлекет онда көрсетілген нормаларды бұлжытпай орындауға міндетті.

QAZAQTIMES.COM. ""Алашорданың" 100 жылдығын атап өтуге үкімет неге құлықсыз?" - Биылғы жыл қазақ елі үшін атаулы күндерге толы болды. Жыл бастала салып, әлемдік спорт бәсекесінің жалауын желбіретсек, бүгінде ғалам  елдері көз тіккен «ЭКСПО-2017» Көрмесін өткізіп жатырмыз. Сонымен қатар, еліміз саясаттағы да ықпалы артып, халықаралық келіссөздер, мен конференцияларды ұйымдастырып отырған жайымыз бар. Бірақ бұдан басқа да тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуына негіз болған тарихи оқиғаларды естен шығармағанымыз жөн. Тарих сахнасында сонау ХХ ғасырда құрылған «Алашорда» Үкіметіне бүгінде 100 жыл толып отыр. Елдің іргетасын қалап кеткен осы партияның атқарған ісі мен ерен еңбегі елдің есінде ме? 

TENGRINEWS.KZ. "Министр Ермекбаев: Зайырлы мемлекет - атеист мемлекет емес" - 2017 жылғы 16 маусымда Астана қаласында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың халыққа есеп беру кездесуі өтті. Баяндамасында Нұрлан Ермекбаев ведомствоның 2016 жылы атқарған жұмыстың негізгі нәтижелері туралы, сонымен қатар болашақта министрліктің алдына қойылған басты міндеттер туралы толық айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

AIKYN.KZ. "Ақырзаман жақындап қалды ма?" - Футурологтар ақырзаманның жақындап қалғанын айтып, дабыл қағып жатыр. Олардың пікірімен келіспейтіндер де бар. Бөгдепланеталықтар мен жерден тысқары өркениетті  зерттейтін ғалымдар шын мәнінде ақырзаманның таяп қалғанын айтады. Футуролог Деннис Комов та мұның ақиқатқа сәйкес келетінімен келісіп отыр. Бұл орайда зерттеушілер Күннің бетінде бұрын көрініп тұратын дақтың қазір жоғалып кеткенін дәлелдеп отыр. Демек, футурологтардың тұжырымына сенсек, Күннің қызуы жоғалған сәтте Жер планетасы өз қорындағы жылуын тауысады да, қара түнек орнайды. Бұл ақырзаманның келуі деген сөз.

TURKYSTAN.KZ. "Төрт тараптағы төрт қақпа" - Төрт тарапта – төрт қақпа. Әр қақпаның алды – мұздай қаруланып, темір тексергіш түрлі құралдармен жабдықталған күзет бекеті. Үсті-басыңыз бен қолыңыздағы сөмкеңіз, тіпті үйден алып шыққан тамақ-сусыныңызға дейін жіті тексеруден аман-есен өткен соң ғана қиял-ғажайыптың әлемі – ЭКСПО-қалашыққа енесіз. Қай қақпадан кірсеңіз де көзге әуелі түсетін нысан – алып көк шар. «Нұр Әлем» дегеніңіз осы. Ал оның алды-артын қоршай қонған, сөйтіп жарты шеңбер құрайтын павильондардың шекесінде қатысушы елдер мен ұйымдардың жалаулары биіктен желбіреп, әрқайсысы өзіне шақырып, «менмұндалап» тұр. Обалы нешік, әрбір павильонның сыртқы көрінісінен-ақ сол елдің қолтаңбасын жазбай тануға болады.

"Мемлекеттік тіл: Талай елде талап қатал" - Қазақ қазақ болғалы тіл мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Сонау қиын-қыстау заманда Алашорда үкіметін құрып, қазақтың басын бір тудың астына жинауға талпынған зиялылардың да «тіл» деп шырылдап өткеніне тарих парақтары куә. Ол ол ма, еліміз тәуелсіздік алып, еңсесін көтере бастаған 1990 жылдардағы баспасөз беттерін парақтасақ, ана тілінің ахуалы мен қолдану аясы егжей-тегжейлі көрініс тауыпты. Алайда содан бері 25 жылдың жүзі. Сол мемлекеттік тілдің мәселесін неліктен әлі «жырлап» келеміз?



16 маусым 2017, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.