Атырау, 19 сәуір 07:30
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Министр Ермекбаев: Зайырлы мемлекет - атеист мемлекет емес

3 241 просмотра


2017 жылғы 16 маусымда Астана қаласында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың халыққа есеп беру кездесуі өтті. Баяндамасында Нұрлан Ермекбаев ведомствоның 2016 жылы атқарған жұмыстың негізгі нәтижелері туралы, сонымен қатар болашақта министрліктің алдына қойылған басты міндеттер туралы толық айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Зерттеулер нәтижелері азаматтардың көбі зайырлылық құндылықтарын жоғалтып алуға болмайтын игілік деп есептейтінін көрсетті. Бұл ретте - зайырлы мемлекет - атеист мемлекет емес екенін атап өткім келеді. Демек, зайырлы мемлекетте түрлі конфессиялардың, атеистердің, агностиктердің құқықтары бірдей", - деді министр. 

Президент рухани жаңғыру туралы мақаласында - Қазақстанның ежелден келе жатқан зайырлылық дәстүрлері бар екенін атап өтті. Олардың негізінде төзімділік, бейбітшілдік, дінге сенетіндер мен сенбейтіндердің құқығын құрметтеу мәселелері жатыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz


16 маусым 2017, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.