Атырау, 19 сәуір 15:38
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Алматылық суретші Facebook-тің тікелей эфирінде асылып қалды

6 552 просмотра

Алматылық суретші Facebook-тің тікелей эфирінде асылып қалды. 30 жастағы жігіттің денесін отбасы мүшелері бүгін таңертең тауып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Іле аудандық Ішкі істер бөліміне хабарлама таңертең түскен. Оқиғаға қатысты облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі түсініктеме берді.  «Қазір аталған дерек ҚР ҚК-нің 105-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу тізіліміне тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп атап өтті баспасөз қызметінен. 

Мәлім болғандай, марқұм Facebook-тің тікелей эфиріне қосылып, өз-өзіне қол салған. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне сұхбат берген марқұмның досы, журналист Алена Мирошниченко хабарлады.  

«Ол ащы суды көп ішетін. Соңғы екі күнде тоқтамастан ішкен. Туысқандары оны сыртқа шығармаған, ішімдігін тартып алған. Сонда да бір жерден тауып ішкен. Бұған мас күйінде барған ғой. Өлім туралы бұрын да жиі айтатын. Түнде ғана арқанды ұстап отырып, күйзеліске толы посттар жазған. Парақшасы жабылып қапты», - деді А.Мирошниченко. 

Оның айтуынша, Бекжан Қанкенов екеуі желіде ғана емес, өмірде де дос болған. 

«Сау кезінде жақсы адам, 2014 жылдан бері танимын. Мен оны бірнеше рет наркодиспансерге жатқызуға тырыстым. Үнемі бас тартатын», - деді А.Мирошниченко.

Дереккөз: ҚазАқпарат


16 маусым 2017, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.