Атырау, 28 наурыз 17:48
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Путин: АҚШ Шешенстан лаңкестерін қолдап, Ресейдің бірлігін бүлдірмек

2 656 просмотра


Ресей президенті Владимир Путин Ушингтонды Ресей жеріндегі террорлық топтарды қолдап, Ресей бірлігін бүлдіріп отыр деп айыптады. Мәскеу мен Уашингтон арасындағы шиеленістің күшеюіне байланысты соңғы кезде екі елде мұндай айыптаулар жиілей бастады. 

«Парс.Ақпарат» агенттігінің хабарына қарағанда, Ресей президенті Владимир Путин: «АҚШ Шешенстан лаңкестерін қолдап, оларды Ресейдің тыныштығын бүлдіру үшін пайдаланғалы отыр. Америкалық барлау ұйымдары Мәскеудің ескертулері мен айыптауларына қарамастан Шешенстандағы лаңкестерге ақпараттық, саяси және қаржылық қолдау көрсетіп отыр», – деген. 

РФ президентінің айтуынша, Мәскеу АҚШ барлау ұйымдарының Ресейдегі кейбір лаңкестік топтарды түрлі жақтан қолдап отырғанын дәлелдейтін құжаттарды жинап, кейбіреуін АҚШ-қа тапсырған. Мәскеудің айтуына қарағанда АҚШ Шешенстанның лаңкестерін кейде жасырын, кейде әшкере түрде қолдап отыр. Олардың Ресей тұтастығын бүлдіру үшін пайдаланбақ екен. 

Путин осыдан бұрында Солтүстік Кавказ өңіріндегі лаңкестерді АҚШ барлау ұйымының астыртын қолдап келгенін, оны ресейлік барлау ұйымдары анықтағаны туралы айтқан болатын. 

Дереккөз: qazaqtimes.com 

16 маусым 2017, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.