Атырау, 24 сәуір 03:05
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Иран министрі Сауд Арабиясының лаңкестік шабуыл ұйымдастырғанын дәлелдеді

2 271 просмотра

Иранның СІМ басшысы Зариф. Фото: "Парс.Ақпарат"
Иран Сыртқы істер министрлігінің басшысы Зариф Ирандағы лаңкестік шабулдардың артында Сауд Арабиясы тұр деп кесете айтты. Ол бұл сөзіне қатысты дәлелдерін де ортаға салды. Бұл туралы «Парс.Ақпарат» агенттігінің ресми сайты жазып отыр.

Иран сыртқы істер министрі Мұхаммед Жаббад Зариф сейсенбі күнгі өткен «Осло» форумында Сауд Арабиясының тақ мұрагенінің сөзін алға тарта келіп, бұл нағыз арандатушылық, мақсатты жаулықты көздеп отыр деп айыптады. 

Аталған ақпарат агентігінің хабарлауынша, осыдан бұрын Сауд Арабиясының тақ мұрагері әрі сол елдің Қорғаныс министрлігінің басшысы Мұхаммед бен Салман ресми телеарнаға берген сұхбатында: «Соғысты Иранның ішіне алып барып, Иранды соғыс майданына айналдырамыз», – деген. «Осло» форумында ирандық министрге: «Иран лаңкестік шабуыл үшін неліктен Сауд Арабиясын кінәлап отыр?» деген сұрау қойылды. Зариф бұған: «Себебі, Иранда лаңкестік шабуыл болған күні Сауд Арабиясы Қорғаныс министрлігінің твиттер парақшасында осы туралы хабар бәрінен бұрын жарияланды. Иран өз қауіпсіздігін толық бақылауға алып отыр. Сонымен бірге, елдің шығыс аймақтарында кейбір қарулы топтардың әрекет етіп жатқанында толықтай біледі. Олар осыдан екі ай бұрын аймақта 9 адамды өлтіріп, көршілес елдер арасындағы шиеленісті пайдаланып, Иранның тыныштығын бүлдіруге дайындалып отыр», – деп жауап берді. 

Иран министрі сөз соңында: «Иран үкіметі бір ғана  Иран емес, көршілес Катар мен Сауд Арабиясының да қауіпсіздігінің сақталғанын», – қалайды деп ескертті. 

Дереккөз:  qazaqtimes.com 

16 маусым 2017, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.