Атырау, 25 сәуір 22:36
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Бизнесмен Мұратхан Тоқмәдиге қандай айыптар тағылатыны белгілі болды

2 820 просмотра


Сот өкілдері белгілі қазақстандық бизнесмен Мұратхан Тоқмәди (суретте) қандай күдікке ілінгені туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бизнесменнің бопсалауға күдікті екені расталып отыр.   

"Қуадалау органы Мұрат Тоқмәди 2005 жылы анықталмаған тұлғалармен қылмыстық келісімге келіп, "Семрюжком" және "ҚазШыныҚұрылымс" ЖШС-ларының тең құрылтайшысын күш қолдану және қорқыту арқылы аталған кәсіпорындардың негізгі қорын иемденген. Тергеу мәліметі бойынша, Тоқмәди бұл әрекетімен аса ірі көлемде 185 миллион 137 мың 246 теңге материалдық шығын келтірген", - деп жауап берді Алматы қалалық сотының ақпаратпен қамсыздандыру бөлімінің жетекшісі Дияс Махамбетов Tengrinews.kz сұрағына. 

Сот мәліметі бойынша, Тоқмәди 12 маусым сағат 19:50-де ұсталды.  

"Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Мұратхан Тоқмәдиді екі ай қамауға алу түріндегі бұлтарпау шарасын таңдады", - дейді Дияс Махамбетов.  

Еске салайық, мұның алдында Алматыда арнайы қызмет "Депутаттық корпус" атты қылмыстық топты ұстау бойынша операция өткізген. БАҚ-та шыққан ақпарат бойынша, бұл қылмыстық топты "ҚазШыныҚұрылыс" зауытының иесі Мұратхан Тоқмәди басқарған.

Дереккөз: Tengrinews.kz


15 маусым 2017, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.