Атырау, 23 сәуір 16:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Спорт жаңалықтары

4 289 просмотра

КАРАТЕ

Атырау облыстық кекушинкай карате федерациясының командасы Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған республикалық турнир мен ҚР чемпионатында ойдағыдай сайыс өткізді.

Өз жас және салмақ дәрежелері бойынша Кристина Телятова, Рустам Қуантыров пен Әйгерім Айшуақова ел чемпиондары атанды, күміс алқа Ерсайын Идиятовқа (суретте - төртеуі) бұйырды.

Республикалық турнирде Темірлан Жапашев пен Бекназ Ерназ жеңімпаз, Ернар Қуанышев пен Алдияр Әжіғали күміс алқа, Мұхамбет Қожабергенов қола алқа алды. Спортшыларды Ерболат Қапаров пен Аслан Дүйсембай дайындады.

***


«Мұнайшы» спорт кешенінде 5-12 жастағы балалар арасында шинкиокушинкай карате бойынша ашық қала біріншілігі өтті. Сайысқа жүз шақты жас спортшы қатысты.

Өз салмақ дәрежелері бойынша Имран Хажмұрат, Артур Қуантыров, Кирилл Ким, Рауан Әбілхайыров, Бекзат Әміров, Нарынбек Құдайберген, Арман Серіков, Аңсар Қилаш, Айқын Кемел, Ислам Амангелді, Бекарыс Нұртілеп, Әли Арал, Фараби Баямиров, Бекназ Ерназ, Жасұлан Жанахметұлы, Атабек Атакөзұлы мен Ернар Қуанышев жеңімпаз атанды. Спортшыларды сайысқа бапкерлер Нұржан Кенжеболатов, Самат Тасмағамбетов пен Евгений Цой дайындады. Спортшылар мен бапкерлер қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Айтқалиевқа алғыс білдіреді.

***

КИКБОКСИНГ

Астанада кәсіпқой спортшылар атыраулық Абзал Дүсіпов пен биылғы жыл чемпионатының финалисі, семейлік Архат Баяхметовтің арасында Азия чемпиондарының рейтингтік жекпе-жегі өткізілді.

Абзал бұл жекпе-жекті 3:0 есебімен ұтып, Қазақстанның жүзден астам үздік кикбоксерлері қатысатын «Ұлы Дала Қаһармандары» «профи-турнирінің» келесі шеңберіне өтті.

Ал ақпанда Абзалдың бапкері Данияр Жүсіпов өз шәкіртінің дайындыққа ден қойып, әуесқойлар арасында 2 дүркін әлем чемпионы атану үшін кәсіпқойлар арасындағы турнирге қатысудан уақытша бас тартқанын хабарлаған еді.

Осылайша, Абзал ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері нормативін орындауға үміттеніп отыр. Дегенмен де, Д.Жүсіповтің айтуынша, әуесқойлар арасындағы әлем чемпионатына (қараша, Будапешт) дайындық анағұрлым мықты болу үшін Абзалмен бірге жаттығулар мен астаналық турнирге қатысуды қатар алып жүруді ұйғарған.

***

ЕСКЕК ЕСУ

Оралда 1999 жылғы және одан төмен жастағы Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарының құрамалары арасында байдарка мен каноэден ескек есу бойынша сайыс өтті.

Атыраулықтар Никита мен Андрей Бакировтер 500 метр қашықтықта «екі кісілік» сайыста бірінші орын алды. Андрей, сонымен қатар, бір кісілік жүзуден түрлі дәрежедегі тағы үш медальге ие болды. Анжела Рябцева 200 метр қашықтықта қола алқаға қол жеткізді.

Құрама бапкері Николай Богачкиннің айтуынша, бұл турнир маусымның аяғында өтетін және жастардың әлем чемпионатына іріктеу жүргізілетін Қазақстан чемпионатына дайындық кезеңіне айналды. 

ПМПУ 4-курс студенті Анастасия Алюшина 

***

БАСКЕТБОЛ

Қостанай облысының Лисаковс қаласында 2000-01 жылғы жасөспірімдер арасында баскетболдан 4-ші Жастар ойыны өтті.

Турнирге 13 облыстан команда қатысып, олар алдын ала шеңберде төрт топ бөліктеріне бөлінді. Қызылорда, Ақтөбе және Ақмола облыстарының командаларымен бәсекелестікте біздің құрамамыз топ бөліктерінен бірінші орынға шықты. Турнирдің келесі кезеңінде «Төрттік финалы» ойналды. Командалар шеңбер жүйесі бойынша ойнап, онда «Атырау» «ОҚО» командасын 76:74 есебімен ұтты, бірақ содан соң алаң иелерінен 30 ұпай айырмашылықпен ұтылды. Осыдан кейін біздің команда «Алматыны» жеңіп, қорытындысында үшінші орынды иеленді. Атыраулық ойыншы Ерғанат Қайрошев турнирдің үздік қорғаушысы деп танылды. Команданы бапкер Саламат Торғаев дайындады.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

 

15 маусым 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.